Мазмұны: кіріспе


Нашақорлық — ұлт тамырына балта шабу



бет6/10
Дата21.05.2022
өлшемі44,38 Kb.
#144346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-54888

Нашақорлық — ұлт тамырына балта шабу
Есірткінің заңсыз айналымы — бүгінгі күннің күрделі мәселесінің бірі. Соңғы кездері осыған байланысты қылмыстардың алдындағы кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға төмендегенін көреміз.
Есепті мерзім ішінде 1 келі 087,39 грамм есірткі заттар тәркіленсе, оның 36,98 грамы — марихуана, 1050,41 грамы гашиш есірткісі.
Қылмысты тергеу орындарының өндірісінде өткен жылы 15 іс қаралды. Биыл 7 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде сотқа жеткені — 3 іс.
Нашақорлық жегі құрттай қоғамның өзегіне түсіп, оның соңына түскен адамды құртады.
Ол есірткі пайдаланушы адамның адамгершілігін, жүйкесін, ерік-жігерін қояды, ол достарын, отбасын жоғалтады, мамандық ала алмайды немесе бұрын шұғылданған кәсібін ұмытады, жұмыссыз қалады, қылмыстық ортаға тартылады, өзіне және қоршаған ортасына қайғы әкеледі.
Адам есірткіні бір-ақ рет тұтынса да ол адам өліміне әкеліп соғады. Олар мида өзгерістер тудырып, бірнеше күннен соң немесе бірнеше айдан кейін психикалық ауытқулар мен суицидке әкеп соғады. Есірткі тәуелділікті туғызады.
Есірткіні қабылдағысы келетін сезімді жеңе алмау, мөлшерді ұдайы көбейту қажеттілігі, есірткіні қабылдамаған жағдайда жетіспеушіліктер пайда болуы, қоршаған ортаға (мектеп өміріне, отбасына, достары мен құрбыларына) қызығушылық танытудың төмендеуі және есірткінің айқын зияны бар екенін біле тұра есірткі қабылдауды жалғастыру, міне, осының бәрі — дауасыз дерт көріністері.
Сонымен қатар есірткі пайдалану қылмыстар жасауға итермелейді. Нашақор жан әлеуметтік селқостыққа ұрынып, ВИЧ/СПИД және С гепатиті ауруына ұшырайды.
Міне, осындай зардаптарға байланысты нашақорлыққа қарсы күрес күн
тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болуы тиіс.
Ең бастысы, нашақорлық проблемасына немқұрайды қарамау керек.
Айта кететін жайт, жыл сайын есірткімен күресу әлемдік күнінде осы саладағы Иранның жетістіктерімен бірге табылып, ұсталған есірткі өртелінеді. Осындай күрес әлемдегі есірткінің толық жойылуын жақындатуы мүмкін деген оймен іске асырылуда. Әрине, есірткі және нашақорлықпен күресу үшін әлемдік қауымдастықтың бір ауыздан шаралар қолдануын қажет етеді. Егер барлық елдер бірігіп, күреске көтерілсе жеңіске жетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет