Мазмұны: кіріспе


Елордада нашақорлық қылмыстардың тіркелуі көбейген



бет9/10
Дата21.05.2022
өлшемі44,38 Kb.
#144346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-54888

Елордада нашақорлық қылмыстардың тіркелуі көбейген
Астана қаласы ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша бұл- профилактикалық жұмыстардың нәтижесі. 
Үкімет қаулысына сәйкес «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған бағдарлама» жүзеге асырылуда. Қазір полицейлер нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы арнайы сабақтарды мектептерде өткізіп жатыр. 
Полицейлердің айтуынша Астана қаласына есірткі тасымалы Ауғанстан мен еліміздің Шу өңірінен жасалады. Сондықтан шаһарға кіре беріс қақпада«Рубеж» арнайы бекеті жұмыс жасайды. Жыл басынан бері осы бекетте 120 заңсыз есірткі тасымалы дерегі анықталған. Жуырда «Қызылжар» бекетінде жолаушылар автобусынан 813 грамм герион табылды. Апиынды Қарағанды облысының тұрғыны кір жуу ұнтағына арналған ыдысқа жасырып алып өтпек болған. Ал елорда дәмханаларының бірінде уытты затты тұтынушыларына ұсынып келген әйел ұсталды.
Эльмира Шауленова, ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
-Қазір бұл азаматшаның үстінен ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері дәмхананың ішін тексеру барысында әйелдің есірткіні асханада сақтағанын сонымен қатар клиенттер келген кезде таныс адамдарға арнайы бағаға гашиш қосылған кальян тағайындап беріп отырған. Қазіргі таңда дәмхананың әкімшісі мен оның иесіне де айыппұл салынды. 
Ресми мәліметтер нашақорлар қатарының жасарып бара жатқанын көрсетеді. Елордада есірткі пайдаланған 3 мыңдай адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 1 мыңға жуығы уытқұмар апиынға тәуелді. Орташа жас шамалары 18 бен 35 жас аралығында.
Сергей Ильиных, ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бөлім бастығы:
Ғафу Қайырбеков атындағы нөмірі 2-ші мектеп гимназияның 9-шы сыныбында бүгін арнайы сабақ өтті. Есті алар есірткіге елтудің өзі қандай қауіпке бастайтынын полицейлер түсіндіруге тырысты.
Сергей Ильиных, ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бөлім бастығы:
-Қазақстанда жыл сайын есірткіні шамадан тыс қабылдаудың өзінен 100 адам құрбан болады. Астанада биыл 350 келі есірткі заты тәркіленді. Елімізде 50 мың нашақор денсаулық сақтау орындарында тіркеуде. Менің сендерге берер ақылым- нашақорлықтан аулақ болу арқылы болашақтарыңа жол ашасыңдар. 
Олжас Жүсіпназар, Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназия оқушысы: 
-Өзімді қызықтырған сұрақтардың жауабын білдім. Ол нашақорлыққа не итермелейді деген сұрақ? Сөйтсем ол қызығушылық, қоршаған орта екенін білдім. Сондықтан ең бастысы мен достарымды дұрыстап таңдап алу керекпін. Нашақорлық ең біріншіден денсаулыққа зиян, болашағыңа балта шабасың. 
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде әлемдегі есірткі пайдаланушылардың саны 200 миллионнан асып жығылады. Бұл Жер бетіндегі жалпы 15 жастан асқан адам санының 4,7% екен. Ал елімізде 100 мың адамға шаққанда, 350,7 адам нашақорлыққа душар болады. Мамандар алдыңғы жылдармен салыстырғанда нашақорлар санының азайғанын айтады. Алайда жасөспірімдер мен жастар арасындағы ішімдікке әуестенушілік саны артып отыр.
Таяуда бір топ маман еліміздегі нашақорлықтың ахуалы және оны шешу жолдарын талқыға салды. Мамандардың пайымдауынша, былтыр жасөспірімдер арасында нашақор атанғандардың саны азайып, 100 мың адамға шаққанда 473,3 адамнан келген. Дегенмен оңтүстік астанамызда есірткіге әуес жастардың саны әлі де азаяр емес. Медициналық-әлеуметтік проблемалар жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық мамандарының мәлімдеуінше, балалардың арасында да нашақорлық деңгейі қысқарған. 2010 жылы нашақорлардың саны әйелдер арасында 7 пайызға, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың арасында 20 пайызға төмендеген. Алматы қалалық наркология орталығы бас дәрігерінің реабилитациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Күләмша Мерзадинова: «Еліміздің барлық наркологиялық орталықтарында 50 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Ем алғаннан соң, 15-20 жыл есірткіден алшақтап, қайтадан нашақор атанатын адамдар бар. Тіркеуде тұрғандардың арасында зейнеткерлер де жетерлік. Мұндай мәселеге жол бермеу үшін ақпараттық жұмыстарды, мектептерде, оқу орындарында басқа да түсіндіру жұмыстарын күшейту керек» дейді. «1987 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы жыл сайын 26 маусымда халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл күн есірткіге тәуелсіз қоғам құру жөніндегі міндеттеме қабылдаған мемлекеттерге осы проблеманы ескертіп отыруға бағытталды. Еліміз бойынша нашақорлар, негізінен, Алматыда көп. Мұнда тек жасөспірімдер арасында олардың саны 100 мың адамға шаққанда 2616,5 адамнан келеді. Балалардың осы дертке шалдығу көрсеткіші бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы алда тұр» дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Татьяна Слажнева. 26 маусымда жастар мен жасөспірімдерге арналған «Есірткіге қарсы РЭП фестивалі» өткізіледі. Шараны ұйымдастырушылар РЭП стилі жастардың нашақорлыққа қарсы тұруына және осы проблеманы шешуге жауапкершілікпен қарауына оң әсер етеді деген сенімде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет