1.3. Ата- аналарға арналған коучинг
Коучингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, мектеп пен ата-ана арасында жағымды қарым - қатынас орнату арқылы мектептегі оқыту мен оқу процесіндегі бағалаудың қалай жүзеге асып жатқанын түсіндіру .Ата-аналарды өздерінің балаларының бағалау кезінде жан-дүниесін түсінуге білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Қатысушылар: Сыныптың ата-аналары
Ұйымдастыру кезеңі:
1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткізу.
Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді ,неден қорқатынымды айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен оның нені сүйетінін , неден қорқатынынайта отырып, кері қайтарып бересіздер.
2-жаттығу «Қар қиыршықтары»
Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.
Талдау:
Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?
Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?
Мұғалім сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебібалаларымыздың жеткен жетістіктерін критериалды бағалауды қалай жүзеге асырып жатырмыз? Міне бүгін осы негізгі тақырыпты қозғайтын боламыз.
3-жаттығу «Мен үшін бағалау...»
Әр бір коучингке келген ата-ана қазіргі бағалауды қалай түсініп жүргенін білу мақсатында бұл жаттығу жүргізіледі.Ата-аналарға қағазға «Мен үшін бағалау ,,,» деген әр топқа беріледі.Соған ата-аналар топта ақылдасып, жауап берулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |