6МО11500 - «Құқық және экономика негіздері»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша кіріспе емтиханның мақсаттары мен
міндеттері
6М01150 - Экономика және құқық негіздері мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған кіріспе емтиханның мақсаты -магистранттарды дайындайтын білім бағдарламасын әрі қарай меңгеру үшін базалық міндетті және профильдік пәндер бойынша сәйкес деңгейін анықтау.
Магистрлік бағдарлама халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды, өзін-өзі дамыта алатын, әлеуметтік бейімделуге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары дәрежелі кәсіби элитаны дайындауға бағытталған.
Кіріспе емтиханның міндеттері теориялық дайындық деңгейін анықтау, магистратураға түсушілердің ғылыми дайындығының бастапқы деңгейіне қажетті экономиканың қазіргі даму беталысының заңдылықтары мен қағидаларын кәсіби білім берудің теориясы және әдістемесімен синтез жасай алу деңгейін анықтау болып табылады. Талап етілетін деңгей қоғамның экономикалық және құқықтық даму мәселелерін талдау үшін білімдерін қолдана білу қабілеттілігімен, сондай-ақ экономика мен құқықты инновациялық әдістерді (ақпараттық компьютерлік технология, кейс-әдістері, Интернет мүмкіндіктері және т.б.) пайдалана отырып оқыту дағдыларын пайдалануға дайындығымен сипатталады.
Кіріспе емтиханның түрі - жазбаша. Емтихан тапсырушылар сүрақтарға өздерінің жауаптарын шифрленген түрде емтихан коммисиясымен тексерілетін жауап парақтарына жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |