PhD-докторантураға түсушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
Механика бойынша PhD- докторантураға түсуші абитуриент, іргелі ғылыми және даярлықта болуы керек, механика саласында информациялық технологияны, қазіргі әдісті ғылыми ақпараттарды сақтау және өңдеуді меңгеру білуі; қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерге арналған есептерді шеше алуы және оны жинақтай алуы керек. Таңдап алынған ғылыми мамандық бойынша ғылыми-зерттеу/тәжірибелік-зерттеу қызметін жоспарлауға және орындауға болады, ЖОО-да оқыту тәжірибесі болуы керек, зерттеу және басқару қызметін іске асыруы керек. Мамандық бойынша шет тілін, ғылыми терминологиялық жақсы меңгеру керек; халықаралық сертификаты болса ескеріледі.
PhD докторантураны оқыту үшін «Механика мамандығына келесі магистратура бітірушілері қабылданады: «Механика», «Ғарыштық техника және технологиялар», «Математикалық және компьютерлік пішіндеу», «Физика».
3. Білім беру бағдарламаларының пререквизиттері
Механика бойынша докторантураны оқыту үшін қатаң прекреквизиттер талап етілмейді, математика және информатика бойынша білімі міндетті шарттардың бірі болып табылады, сонымен қатар механика бөлімдерінен және компьютерлік механикадан терең білімі болуы керек.
Келесі пәндер пререквизиттер болып табылады: «Механиканың қазіргі мәселелері» – 3 ESTC кредиттер, «Математикалық талдау» - 3 ESTC кредиттер, «Бағдарламалау» - 3 ESTC кредиттер.
Емтихандық тақырыптарының тізімі
«Механика 1» бөлімі
Теориялық механика пәні, негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Нүкте және қатты дене кинематикасы. Нүкте қозғалысының берілу әдістері. Қисық сызықты қозғалыстағы нүктенің жылдамдығы мен үдеуі. Үдеуді табиғи үшбұрыштың осьтеріне жіктеу.
Механикалық жүйе. Абсолют қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы. Қатты дененің ілгерілмелі қозғалыс кезіндегі нүкте траекториясы, жылдамдығы, үдеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |