Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет18/23
Дата08.11.2023
өлшемі144,19 Kb.
#190046
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
тілес арайлым

Қырғызша нұсқасы:
Ар дайым бир жакка жол жүрөрдө, мен ушул алкагы жөнөкөй жыгачтан жасалган сүрөттүн алдына келип турам. Мына эртең да айылға жөнөймүн Сүрөттү қарап, мен андан жолума ак тилек бата алып жаткан өңдүү, аны көшкө көз айрыбай тиктейм.
Ушул күнгө чейин бул сүрөттү эч бир көргөзмөлөргө да берген жокмуг, ал турғай айылдан туугандарым келгенде, көзден далдалдап бекитип коем. Анча эле жашыргандай эмнеси бар, уяттуубу деп, кокус оюңарға кетип жүрбөсүн, - жоқ бул сүрөттүн эч қандай ықсыз жайы дәле жоқ, же болбосо, ага «көз тийип» кетет дегендей ал бир ашқан укмуш да емес. Биринчи көрүшке жөнөкөй эле қалдыресе сүрөт. Бетине тартылган жер қандай жөнөкөй болсо, сүрөт өзү дағы ошондай жөнөкөй [48, 195].
Орысша нұсқасы:
Вот опять стою я перед этой небольшой картиной в простенькой рамке. Завтра с утра мне надо ехать в аил, и я смотрю на картину долго и пристально, словно она может дать мне доброе напутствие.
Эту картину я еще никогда не выставлял на выставках. Больше того, когда приезжают ко мне из аила родственники, я стараюсь запрятать ее подальше. В ней нет ничего стыдного, но это далеко не образец искусства. Она проста, как проста земля, изображенная на ней [49, 149].
Қазақша нұсқасы:
Әрдайым бір жаққа жолаушы шығарда мен осы қарапайым ағаш рамкаға салынған, шағын суреттің алдына келіп турамын. Міне, мен ертең де ауылға жүрмекшімін. Жолыма ақ бата тілегендей, мен онан көпке дейін көз алмаймын.
Осы күнге дейін мен бұл суретті ешбір көрмеге де берген жоқпын, ол тұрғай ауылдан туыстарым келгенде, көзінен тасалап тығып қоямын. Сонша жасырғандай несі бар өзінің, әлде көрсетуге әбес пе деп ойлап жүрмеңіздер, жоқ бұл суреттің ондай ештеңесі жоқ, иа болмаса, оған «көз тиеді» дегендей ол бір көркемөнердің теңдесі жоқ туындысы да емес. Бір қарағанда кәдуілгі сурет. Оның бетіне түсірілген жер бедері қандай қарапайым болса, сурет те сондай қарапайым [50, 11].
Алдымен орысша нұсқасына назар аударсақ, шығарманың басынан-ақ аудармашы өзіндік еркіндікке бара алған. Сөзбе-сөздіктен қашып, мазмұн тереңдігін жеткізгісі келгені анық байқалады. Қырғызша нұсқасындағы «жолума ак тилек бата алып» деген тіркесті «доброе напутствие» деп қарапайым аударады. Ал бұл туысқан қырғыз елінің ойын аудармашы қазақ тілінде «жолыма ақ бата тілегендей» деп анық, әрі дәл жеткізеді. Бұл ұлттық реалиилерді берудегі аудармашының жетістігі десек те болады. Орыс тіліндегі нұсқада аздаған қысқартуларды байқасақ, қазақ тілінде сөзбе-сөздікке көп бой алдырған. Және Қ.Нұрмаханов аудармасын тек қырғыз тілінен аударып қоймай, орысша нұсқасына да мән беріп отырған. Оны «в простенькой рамке» деген алғашқы сөйлемдегі тіркестен аңғарамыз. Оны аудармашы «қарапайым ағаш рамкаға салынған» деп орыс тілінен тікелей аударған. Бұл қырғыз нұсқасында кездеспейді. «Рамка» сөзі мүлде жоқ.
Көркем аударма процесінде, көркем аударма ісінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылық даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа туынды болып шығады. Келтірілген мысалда мұндай өрескел қателіктер болмаса да аудармада түпнұсқаның мазмұнына да, көркемдік ерекшеліктеріне өз әсерін тигізіп тұр.
Көркем аудармада түпнұсқа мазмұны мен пішіні дәл жеткізу не біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін айқындайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Десек те, түпнұсқа белгілі бір ұлттың жазушысының шығармасы болса, ұлттық сипаты барынша анық, бедерлі болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен талантты талап етеді.
Сондықтан да Қ.Нұрмаханов аударған осынау туындының ерекшеліктеріне тоқталу мәнді де маңызды болмақ. Сондықтан аудармашының таланты – айырықша талант екендігіне осы шығарманы талдау барысында анық көзіміз жеткендей болды. Қ.Нұрмаханов өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген талантты аудармашы болумен қатар, түпнұсқа мазмұны мен мәнін, тілдік байлығын, ұлттық бояуын жете меңгерген шебер маман. Ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік тапты. Кез-келген көркем шығарманың мағыналық-құрылымдық жүйесіндегі әр мағыналық бөліктің көркемдік-эстетикалық қызметін дәл тану, оның өзі секілді басқа бөліктермен өзара байланысы мен сабақтастығын, арақатынасын аңғару, сөйтіп аудармада оларды дәл жеткізу аудармашының таланты мен танымынан туындайтын ерекше шығармашылық даралық десек, аудармашы сол биіктен көрінеді. Аудармаға ары қарай тоқталсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет