23
Шығармашылық проблемасы ғылымда түрлі аспектіде қарастырылады:
жеке тұлғаның ойлау мүмкіндіктері мен интеллектуалдық қабілеттерінің өзара
байланысы (В.И.Андреев, И.К.Кон, т.б.) [115,116]; шығармашылық қабілеттің
сапалық көрінісі ретінде креативтіліктің қалыптасуы (Дж.Гильфорд,
Е.Л.Яковлева)
[117,118];
оқушылардың
ойлау
қабілеттері
мен
қызығушылықтары (А.И.Кочетов, В.С.Шубинский, т.б.) [119,120]; жеке
тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту заңдылықтары (Н.С.Лейтес,
М.Л.Субачева, т.б.) [121,122]. Мұғалімнің педагогикалық қызметінде
шығармашылық сапаларын қалыптастыру мәселесі В.И.Загвязинская,
В.А.Кан-Калик,
Н.Д.Никандров,
т.б.
еңбектерінде
қарастырылған
[123,124,125].
Жоғарыда аталған еңбектерді зерделей отырып, психологиялық тұрғыдан
шығармашылықты – адамның өз бетінше іс-әрекетінің және белсенділігінің
бір түрі, мұнда ол үлгі немесе көшірмеден экспериментке көшіп, қоршаған
ортаны өзгерте отырып, қандайда бір құнды жаңа нәрсені жасау,
шығармашылық актінің болуы деп түсінеміз. Мұндағы шығармашылық акт –
жаңашылдығы, ерекшелігі және бірегейлігімен ерекшеленетін өнімді жасауға
қабілеттілік, түрткі. Сондай-ақ,
Достарыңызбен бөлісу: