Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет111/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163
Байланысты:
disser (2)

басты
белгісі
- құбылыстар мен заттар, үдерістер немесе олардың бейнелеуіндегі 
көрнекі-сезімдік немесе ойлау түрлерін түрлендіре білу, ал 
екінші белгісі 

оның сонылығы, 
ерекшелігі деп көрсетіледі. Демек, 
шығармашылықты
– 
қайсыбір үдеріс барысында әріптер, операциялар немесе жаңа құралдар 
көмегімен ерекше заттарды не бейнелерді жасау іс-әрекеті деп түсінуге 
болады. Сондай-ақ шығармашылық ұғымын былайша қорытындылауға да 
болады: 
шығармашылық - өте күрделі үдеріс, өйткені онымен айналысатын 
адам мақсатты сезінеді, міндет қояды және оның шешімін іздейді; 
шығармашылық үдерісте ішкі түйсіктің де, елестетудің де, қиялдың да орны 
ерекше; шығармашылық мәселелерді шешу: қуану, қанағаттану, тілек т.б. 
ішкі 
сезімдермен 
байланысты.
Әйткенмен 
де, 
бұл 
кезеңдер 
шығармашылықтың ерекшеліктерін толық ашып көрсете алмайды.


25 
Д.Айян [128] былай деп жазады: “Өкінішке орай, шығармашылықты туа 
біткен қабілет деп, оны дамытуға болатындығын көп адамдар біле бермейді. 
Әрбір адам бай шығармашылық әлеуетке ие. Тек оны дер кезінде ашып және 
дамыта білуі керек”. “Жеке бастың шығармашылығына араласу керек пе ?” – 
деген сұраққа, “Керек, аса қажет!”– деп, жауап береді ғалым. Өйткені, 
оқушылар шығармашылығы табиғаты жөнінен – ересектердің басшылығымен 
жүзеге асырылатын ұжымдық іс-әрекет.
Ал, «Білім және ғылым» энциклопедиялық сөздігінде [129]: «шығарма-
шылық әрекет - бұрын соңды еш уақытта болмаған, сапалы жаңа өнім жасауға 
бағытталған адамның немесе ұжым әрекетінің түрі. Ынталандырушы-дәстүрлі 
тәсілдермен шешу мүмкін болмайтын проблемалық жағдаят. Проблемалық 
жағдаятты талдау барысында оның элементтерінің арасында дәстүрлі емес 
байланыстар анықталып, қалыпты емес болжамдардың түзілуі негізінде іс-
әрекеттің өзіндік, ерекше өнімі пайда болады және т.б. алғышарттары - сыни 
да оралымды ой, түсініктердің ұқсастығын анықтай алу қабілеті, қабылдаудың 
тұтастығы және шығармашыл әрекет кез келген адамға тән. Оны анықтап, 
ашып, дамыта алу қажет», - деп көрсетілген.
Осы айтылғандарды ескеріп, біз шығармашылық үдерістің мәні барлық 
адамдар үшін бірдей деп айта аламыз. Айырмашылығы олардың нақты 
материалында, жетістіктерінің өлшемінде және оның қоғамдық мәнділігінде. 
Шығармашылық үдерісті үйрену үшін данышпандарды зерттеудің қажеті жоқ. 
Оның бастауы өмірдегі барлық мәселелерді шешуде кездеседі. Тек мұнда 
адамның көрегендік танытуы және де оның өткір көзбен емес, ең бастысы ми 
арқылы “көре” білуі керек.
Шығармашылық та басқа іс-әрекеттер сияқты ой түрткіні қажет етеді, 
бірақ барлық ой-түрткі шығармашылық туғызбайды. Олардың ішінде ең 
негізгісі өзін-өзі жетілдіру ой түрткісі. Ол барлық шығармашылықтың көркем, 
музыкалық, техникалық түрлерінде себепші болады. 
Сонымен, шығармашылық үдерістің 
негізгі ерекшелігі
- оның 
объективті 
және 
субъективті
жақтарының болуында. Шығармашылық объективтілігі 
оның түпкі жемісінің жаңалығы мен әлеуметтік бағалығында, оның нәтижесі 
ғылыми жаңалық, өнертапқыштық, туынды т.б. болуы керек. Егер, жаңалық 
шығармашыл субъект үшін ғана жаңалық болса, онда мұндай жағдайдағы 
шығармашылық тікелей жеке бастікі болып табылады. Егер жаңалық барлық 
адамдар үшін жаңалық болса, онда шығармашылықтың қоғамдық мәні 
болады. Қоғамдық мәні бар шығармашылық қана қоғамды дамыта алады. 
Шығармашылық - субъективті үдеріс. Шығармашылық үдерістің 
субъективтілігі оқыту мақсатында сол арқылы басқару мүмкіндігін береді. 
Көптеген еңбектерде “
тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет