89
формаларын икемді қолдану есебінен білімнің сапалық сипаттамаларын жоғары
деңгейлерге айтарлықтай жылжытуға қол жеткізуге болады. Алайда, бұл үшін
студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуда үш компонент:
мотивациялық-құндылықты, интеллектуалдық-танымдық және іс-әрекеттік-
рефлексивтік жетекші рөлге ие болуы тиіс. Сонымен қатар,
оқу процесінде
дидактикалық құралдармен шығармашылық ойлауды дамытуда макротәсілді
жүзеге асыруда студенттердің тұлғалық және типологиялық ерекшеліктеріне
бағдар беру қажет.
Осыған сәйкес студенттің шығармашылық ойдауын дамытудың
психологиялық-педагогикалық негізгі шарттарының
бірі педагогикалық
құралдарды тиімді қолдану болып табылады. Ол туралы келесі 2.3 параграфында
жан-жақты мазмұндалады.
Достарыңызбен бөлісу: