90
ақпаратының көзі мен құралдары (жеке құралдар) болып табылатын барлық
объектілер мен процестер (материалдық және материалданған) деп аталады.
Оқытудың барлық құралдары материалдық және идеалды деп бөлінеді.
Материалдық құралдарға оқулықтар, оқу құралдары, дидактикалық материалдар,
алғашқы
дереккөздер, тест материалдары, көрнекілік құралдарының үлгілері,
оқытудың компьютерлік-техникалық құралдары, зертханалық жабдықтар жатады
[154].
Оқытудың идеалды құралдарына - тіл (ауызша сөйлеу); хат (жазбаша
сөйлеу); түрлі пәндердің шартты белгілер жүйесі (ноталық грамота,
математикалық аппарат және т. б.); мәдениеттің немесе өнер туындыларының
жетістіктері (кескіндеме, музыка, әдебиет); көрнекілік құралдары (схемалар,
суреттер, сызбалар, диаграммалар, фото және т. б.); оқу компьютерлік
бағдарламалары; ұйымдастырушылық тұрғыдан
мұғалімнің іс-әрекетін, оның
біліктілігі мен ішкі мәдениетінің деңгейін үйлестіретін; оқу қызметін
ұйымдастырудың әдістері мен формалары, білім беру мекемесіндегі бар барлық
оқыту жүйесі жатады.
Оқу құралдарын материалдық және идеалды деп бөлу біздің көзқарасымыз
бойынша, қызықты және негізделген болып табылады. Бірақ материалдық және
идеалды оқыту құралдары бір-бірін толықтырып және қолдай отырып бірге
пайдаланылғанда ғана оқыту тиімді болады.
Материалдық және идеалды оқыту құралдарының арасында нақты шекара
жоқ. Ой немесе сурет материалдық формаға ауыстырылуы мүмкін.
Оқу құралы білім беру жүйесіндегі негізгі буын мазмұны саналады. Оқу іс-
әрекетін
ұйымдастыру әдістері, формалары және баланы оқыту, тәрбиелеу мен
дамытудың барлық процесі қойылатын ядро болып табылады. Білім беру
мазмұны жүйе элементтерінің белгілі бір өзара әрекеттесуін талап ететін білімді
меңгеру тәсілін анықтайды және оқыту құралдарының құрамы мен өзара
байланысын анықтайды.
Білім беру мазмұны үш деңгейде қалыптасады.
Педагогке бірінші және жақын деңгей – оқу сабағы. Ұсынылған тақырып
пен материал көлеміне сүйене отырып, педагог сабақты өзі құрастырады. Ол осы
оқу сабағының тақырыбына кіретін және көлемі оқулықта мазмұндалған
материалға және ұсынылған жаттығулар жиынтығына тең болатын білім
мазмұнын барынша толық баяндауға тырысады.
Екінші деңгей – оқу пәні.
Үшінші деңгей – барлық мазмұнды
қамтитын барлық процесс, яғни оқу
пәндері, олардың саны мен олардың әрқайсысына бөлінген сағат көлемі.
Әрбір деңгейде білім беру мазмұнының тек осы деңгейге тән өзіндік
ерекшеліктері болады. Бірақ егер әрбір деңгейде өзінің ерекше мазмұны болса,
онда оларды игеру құралдары да ерекшеліктерге ие болуы тиіс. Білім беру
мазмұнының модификациясына қарай әрбір деңгейде оқыту құралдары да
өзгереді.
С.Д.Смирнов бірінші деңгейдегі оқыту құралдарына педагогтің оқу
сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін пайдалануы мүмкін құралдарды
91
жатқызады. Екінші деңгейдегі оқыту құралдарына ол
қандай да бір оқу пәнін
қажетті деңгейде оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік беретін
құралдарды жатқызады. «Жалпы білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін
оқылатын пәндерді, олардың өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын
анықтайтын құралдардың тұтас жүйесі қажет». Осылайша, ол оқыту
құралдарының үш деңгейлі жүйесін құрады.
Оқыту құралдарының деңгейлік жүйесі тұрғысынан «Оқыту құралдары»
ұғымын тар және кең мағынада түсіндіруге және қолдануға болады. Біздің
зерттеу жұмысымызда да оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу деңгейіне
«Оқыту құралдары» ұғымын қолданамыз (кесте 7).
Кесте 7 - Психологиялық-педагогикалық
пәндердің оқу сабақтарында
қолданылатын оқыту құралдары
Идеалды оқыту құралдары
Материалдық оқыту құралдары
- ауызша және жазбаша сөйлеуде
қолданылатын
белгілердің
тілдік
жүйелері;
- өнер туындылары және өзге де
мәдениет жетістіктері;
- көрнекілік құралдары;
-
сабақ
тақырыбы
бойынша
компьютерлік оқу бағдарламалары;
- мұғалімнің ұйымдастырушылық-
үйлестірушілік қызметі;
- оқулықтан бөлек мәтіндер;
- оқу құралдары мен кітаптар;
-
оқулықтан
бөлек
тапсырмалар,
дидактикалық материалдар;
- тест материалы;
- мұғалімнің ішкі мәдениеті мен
біліктілік деңгейі;
-
оқу сабағында оқу қызметін
ұйымдастыру формалары.
-оқытудың компьютерлік, техникалық
құралдары;
- мобильдік құрылғылар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: