Мазмұны нормативтік сілтемелер



Pdf көрінісі
бет103/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163
Байланысты:
disser (2)

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ОЙЛАУЫН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытудың мәні
Шығармашылық ойлауды зерттеу – шығармашылық табиғатының 
маңызды әдіснамалық мәселелерін, шығармашылық ойлауды дамыту 
көздерін, осы үдерістегі биологиялық және әлеуметтік, объективті және 
субъективті, жеке және қоғамдық және т.б. арақатынастарды анықтауды
болжайтын күрделі мәселелердің бірі [1; 4; 42; 54; 83; ПО; 117; 211; 222 т.б.]. 
Мәселенің күрделілігі – құбылыстың ішкі мәнін тікелей зерттеудің 
қиындығында. Сондықтан шығармашылық ойлау мәселесі көпғасырлық 
зерттеу тарихына қарамастан, жете зерттей түсуді қажет етеді [157; 205; 206; 
213; 245; 260]. 
Ғылыми әдебиеттерде [11; 21; 43; 62; 78; 92; 106 т.б.] «шығармашылық 
ойлау» ұғымы шығармашылық, жаңашылдық, шығармашылық қабілет, өнімді 
іс-әрекет, шығармашылық іс-әрекет, эвристикалық іс-әрекет, танымдық іс-
әрекет, ойлаудың шығармашылық стилі, шығармашылық әлеует, креативтілік
және т.б. түсініктермен қатар қарастырылады. Олардың әрқайсысын мұқият 
қараған кезде, олар шын мәнінде бірдей мазмұнда болады, бірақ өлшемдер 
бойынша айырмашылықтары бар: бірлік, бірақ тепе-теңдік емес; процесс, 
бірақ нәтиже емес: жалпы, бірақ жеке емес. Бұл ретте, аталған ұғымдардың бір 
бөлігі зерттеу міндеттеріне, ғылыми мәніне, автордың позициясына және т.б. 
байланысты кейде әртүрлі мағыналардан құралатыны белгілі. 
Біз зерттеу пәнімізге сәйкес «шығармашылық ойлау» ұғымының мәнін 
жоғары білім беру педагогикасы тұрғысынан анықтауға тырысамыз, яғни 
оқыту үдерісінде студенттерде нені дамыту керек деген сұраққа жауап 
береміз. Осыған байланысты «ойлау» ұғымның мәніне тағы бір рет жүгіну 
орынды болып табылады, өйткені оны түсінудің біздің ой-тұжырымымызды
жамытуда әдіснамалық маңызы зор. 
Оның үстіне біз не себепті болашақ мұғалімнің шығармашылық ойлауын 
дамытуға мән береміз. Мәселен, М.Жұмабаев ой туралы пікірін былайша 
тұжырымдайды: «... Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау 
болмаса, адам, басқа жануар сықылды, заттарды, көріністерді құр жадына, 
есіне ғана алып, жат бір көрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне 
алмайтын бір жан иесі ғана болар еді. Адам ойлаудың арқасында ғана 
заңдардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар 
қылған сәбәптарды табады. Келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. 
Келешекті болжай алады, Қысқасы, ойлай білетін адам – шын мағынасымен 
адам » [137, 70 б.]. 
Сол себепті М.Жұмабаев «Ойлауды өркендету жолдары» туралы айта 
келіп, ойлау – жанның өте қиын, терең ісі деп бағалайды: «Жас балаға ойлау 
тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен, 
басқыштап іс істеуі керек. Өркендету жолдары мыналар: 


14 
1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер, һәм ашық суреттеулердің көп 
болуына иждаһат қылу керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша 
ойлайды, сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсаң, жалаңаш айту 
қажет емес, бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып алсын; 
2) бала заттарды, көріністерді сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. 
Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды және т.б.; 
3) көріністердің, олардың араларындағы байламды һәм олардың 
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже,
заң шығартқызып үйрету сияқты істермен болады», - деп шығармашылық 
қызығушылық мәселесіне үлкен мән береді [227].
Осы тұрғыдан
мұғалімнің педагогикалық шығармашылық ізденісінің ең 
басты мақсаты – оқушының танымдық ойлау қабілетін дамыту, яғни өзінің 
бойындағы шығармашылық ізденісі арқылы шәкіртінің шығармашылық 
ойлауын қалыптастыра білу. Ал бұл болса, балаға шығармашылық 
тұрғысынан ықпал ету үшін алдымен педагогтың өзінің шығармашылықты 
тұлға болуын талап етеді. болашақ педагогты кәсіби даярлау барысында 
олардың шығармашылық ойлауын дамыту қажеттігін көрсетеді. Осы 
тұрғыдан сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына берілген 
анықтамаларға талдау жасап оның бірқатарын кестеде көрсетеміз
(Кесте - 
1). 
Кесте 1 - Сөздіктер мен ғылыми әдебиеттерде «ойлау» ұғымына 
берілген анықтамалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет