119
Осы ойын түрін ұйымдастыру кезінде біз келесі аспектілерді ескердік:
-
ойынға қатысушыларда заттар әлеміне, табиғатқа, социумға, өзіне және
басқаларға рефлексивті қарым-қатынасты қалыптастыру;
-
тұлға үшін субъектілі-маңызды коммуникативтік жағдайды құру;
-
шығармашылық, ынтымақтастық, өзара көмек көрсетуді талап ететін
қарым-қатынастарды ұйымдастыру.
Мысалы, арнайы курс аясында «Психология керек пе?» ойын – қатынасы
жүргізілді. Дайындық кезеңінде ойын атауын көрсеткеннен кейін студенттер
осы тақырыпқа қатысты ой қозғап, әдебиеттермен танысып, жақындары мен
таныстарынан пікірлерімен бөлісуді сұрады. Ойынның басында ақпарат
беруші, пікірлестер, қарсылас, оппозиционерлер рөлдері таратылды.
Студенттерден таңдаған рөлдерді ұстану сұралды. Бұл жағдайда оларға белгілі
бір фразалар көмектесті.
Қарсылас: «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» «Кешіріңіз, бірақ мен сіздің
пікіріңізбен келіспеймін», «Мен сіздің пікіріңізді құрметтеймін, бірақ оны
бөліспеймін», «Иә, бірақ...», «Сөзсіз, дегенмен ...».
Оппозиционер: «Кешіріңіз, егер менің пікірім сізді таң қалдыратын болса»,
«мәселені екінші жағынан қарайтын болсақ?», «Стереотиптерден арылайық
және ... », «Ал егер мен өз ойымды нақтылайтын болсам...?»
Пікірлестер: «Мен сіздің пікіріңізбен келісемін...», «Мен сіздің
көзқарасыңызды бөлісемін және ...», «Мен сіздің пікіріңізге қосыламын және
қосқым келеді ...», «Мен бұл ойды қолдағым келеді, себебі ...», «Бұл қызықты,
өйткені...», «Мұнда бір нәрсе бар...», «Бұл туралы ойлану керек ...», «Мен
жалғастырғым келеді...».
Информатор: «Менде бұл туралы қызықты ақпарат бар», «Маған қосуға
бола ма?...», «Сіз білесіз бе, бұл ...», «Бұл туралы пікір бар...», «Ақиқат
жеңеді...».
Өткізілген жұмыстың оң нәтижесі студенттердің эмоциялық көңіл-күйін,
психикалық белсенділікті, оқу іс-әрекетіне қызығушылықты, жаңа білім алу
үдерісіне құндылық ретінде қарауын айқын арттыру болғаны байқалды. Өз
қызметінде табысты болуды уайымдау қызметтің жаңа, неғұрлым күшті
мотивтерін қалыптастырды, өзін-өзі бағалау деңгейін өзгертті, өзін-өзі жүзеге
асыруға, «өзін-өзі жетілдіруге» ұмтылысты тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: