Мазмұны нормативтік сілтемелер


Психологиялық-педагогикалық пәндердің оқу сабақтарында



Pdf көрінісі
бет142/163
Дата08.02.2022
өлшемі5,46 Mb.
#122048
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163
Байланысты:
disser (2)

Психологиялық-педагогикалық пәндердің оқу сабақтарында 
қолданылатын оқыту құралдары 
Идеалды оқыту құралдары 
Материалдық оқыту 
құралдары 

ауызша 
және 
жазбаша 
сөйлеуде 
қолданылатын белгілердің тілдік жүйелері; 
- өнер туындылары және өзге де мәдениет 
жетістіктері; 
- көрнекілік құралдары; 
- сабақ тақырыбы бойынша компьютерлік оқу 
бағдарламалары; 

мұғалімнің 
ұйымдастырушылық- 
үйлестірушілік қызметі; 
- мұғалімнің ішкі мәдениеті мен біліктілік 
деңгейі; 
- оқу сабағында оқу қызметін ұйымдастыру 
формалары. 

оқулықтан 
бөлек 
мәтіндер; 
- оқу құралдары мен 
кітаптар; 

оқулықтан 
бөлек 
тапсырмалар, 
дидактикалық 
материалдар; 
- тест материалы; 

оқытудың 
компьютерлік, 
техникалық құралдары;
- мобильдік құрылғылар 
және т.б. 
Біз педагогикалық құралдар оқушының зияткерлік және эмоциялық ойлау 
саласына әсер етуі тиіс деп есептейміз. Сол кезде ғана олар студенттің 
дүниетанымының бір бөлігі ретінде шығармашылық ойлауды дамытуды 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар кешенді түрде пайдаланылуы тиіс.
Біз шығармашылық ойлаудың дамуын психологиялық-педагогикалық пәндер 
мысалында дүниетанымның бір бөлігі ретінде қарастырамыз, тарихи 
дереккөздерді, философиялық шығармаларды және т. б. қамтитын құжаттық 
материалдарды пайдаланамыз. 
Құжаттық материалдардың ішінде тарихи құжаттардың маңызы ерекше. 
Олар – өткеннің тікелей ескерткіштері және осыған байланысты сендірушілік 
пен дәлелге ие. Құжат дәуірдің реңін сезінуге мүмкіндік береді, өткеннің 
жарқын бейнесін жасауға көмектеседі, студенттердің қиялын дамытуға жағдай 
жасайды, жекелеген оқиғаларды жаңғырту мүмкіндігін азайтады. 
Құжаттармен жұмыс істеу ойлануға, пайымдауға, ақпарат алуға үйретеді. 
Құжаттар маңызды фактілерді, ұғымдарды, қоғамдық дамудың заңдылықтарын 
меңгеруге ықпал етеді, студенттердің нанымдарын қалыптастырады. Деректі 
материалдарды қолдану студенттердің ой-өрісін жандандырады, өткен және 
қазіргі заман оқиғаларын қарастыруда талдау мен синтездеуді үйретеді. 
Құжаттарды өз бетінше талдау студенттерді зерттеу жұмысының 
қарапайым дағдыларымен қаруландырады, тарихи деректерді сыни тұрғыдан 
ойлауға үйретеді. 
Ол құжат материалдарын оқу сабақтарына енгізуді және оқушылардың 
құжат мәтінімен жұмысын ұйымдастыруды көздейді. 


94 
Мәселен, 
«
Білім 
беру 
саласындағы 
нормативтік-құқықтық 
құжаттамалар»
пәні бойынша құжаттар және дереккөздермен жұмыс істеу 
тәсілдерінің алуан түрлілігін ашатын әдістемелік ұсынымдар бар. 
Педагогикалық әдебиетте осындай жұмысты ұйымдастыру құралы ретінде 
оқушылардың танымдық дербестігін арттырудағы құжаттың рөлі туралы 
мәселелер кеңінен баяндалады. Оқытудағы зерттеу принципі И.Я.Лернердің 
және Г. Дайри жұмыстарында қарастырылды [152, 95].
Онда оқушыларды заманауи салыстырмалы-теориялық әдістермен, 
қоғамдық құбылыстар мен процестерді өз бетінше танып білу тәсілдерімен 
таныстыру қажеттілігі туралы ой дамыды. Оқытудағы зерттеу принципі ұғымын 
тұжырымдай отырып, И.Я Лернер: «... мұғалім басшылығымен оқушының 
әдеби, заттай ескерткіштерді, сондай-ақ нақты өмірдегі тарихи фактілер мен 
құбылыстарды өз бетінше талдау және түсіндіру тарих ғылымы әдістерінің 
көмегімен дағды мен іскерлікке ие болады», деп жазды [152, б.101].
Автор бірінші жоспарға құжаттың мәнін ойлауды, танымдық 
қызығушылықты, шығармашылықты дамыту құралы ретінде көрсетеді
құжаттармен жұмыс істеу формаларын қарастырады, оқушыларды мәтінді 
мұқият оқуға және оны толық талдауға үйрету міндетін қояды. 
Автор құжаттардың негізгі мазмұнын қайта болжауға ғана емес, әдеби 
ескерткіштер авторларының ойына талдау жасауды талап ету қажеттігі туралы 
әділ тұжырым жасайды. Автор оқушыларды тарихи және қазіргі заманғы 
құбылыстарды зерттеудің кейбір логикалық әдістерімен таныстыруға мүмкіндік 
беретін құжаттарды талдау кезіндегі сұрақтардың типологиясын әзірледі. 
«Кәсіптік білім» сөздігінде мынадай анықтама беріледі: «Оқу құралы- 
ресми бекітілген, оқулықты ішінара немесе толық алмастыратын немесе 
толықтыратын оқу басылымы» [ 207, б. 353]. Бұл анықтама «оқу құралы» 
ұғымын толық ашпайды, ол оқу құралының құрылымы мен талаптарын 
көрсетпейді. 
В.П.Беспалько бойынша, оқу құралы – педагогикалық жүйенің ақпараттық 
моделі. Неге педагогикалық жүйе моделі? Өйткені педагогикалық процесс 
басқарудың белгілі бір жүйесі – педагогикалық жүйе шеңберінде, ал оқу 
құралында осы жүйенің жеке жақтары мен қасиеттері көрсетілген, демек, ол оның 
моделі болып табылады.
В. П. Беспалько бойынша, оқу құралының нақты және 
толық анықтамасы былай беріледі: «Оқу құралы – бұл педагогикалық процесті 
басқаруды автоматтандыруға арналған кейбір педагогикалық жүйенің 
ақпараттық үлгісі болып табылатын педагогикалық үдерісті басқаруды 
автоматтандыруға арналған құрал» [ 31, б.171].
Оқу құралында педагогикалық жүйенің жалпы құрылымы көрсетіледі: 
-
алдымен педагогикалық жүйенің жұмыс істеу мақсаттары анықталып, 
оқу құралының көмегімен қалпына келтірілетін болады.; 
-
содан кейін оқыту мазмұнын сипаттау және оқыту мазмұнын іріктеу 
орындалады, ол оқыту мақсатына сәйкес жүзеге асырылады; 
-
келесі кезең дидактикалық үдерістерді таңдау және әзірлеу болып 
табылады: оқулықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белгілі бір 


95 
жүйесін таңдау және тапсырма беру және осы қызметті басқаруды қамтамасыз 
ету; 

оқу 
құралын 
құрудағы 
қорытынды 
кезең 
оқытудың 
ұйымдастырушылық түрлерін анықтау болып табылады [31]. 
С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің оқытушылары әзірлеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет