СИЛЛАБУС
(студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы)
Кафедра: қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы жалпы гигиена және экология курсымен
“Биостатистика”- Bio 3214 – пәні бойынша
5В110400 - «Медициналық - профилактикалық іс» мамандығы үшін
Оқу сағаттарының көлемі ( 2 кредит): 90 сағат
Курс 3
Семестр 6 - «Медициналық - профилактикалық іс»
Алматы, 2015
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. ЖОО аты: Қазақстан –Ресей медицина университеті
1.2 Кафедра: қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы жалпы гигиена және экология курсымен
1.3 Пән : “Биостатистика”- Bio 3214
1.4 Мамандығы: 5В110400-«Медициналық - профилактикалық іс»
1.5 Оқу сағаттарының көлемі ( 2 кредит): 90 сағат
1.6 Оқытудың курсы және семестрі: – 3 курс
6 семестр
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер
№
|
Тегі, аты-жөні
|
Ғылыми дәрежесі
|
Атқаратын қызметі
|
Ғылыми еңбектері
|
Оқитын курсы
|
1.
|
Рысқұлова А.Р.
|
м.ғ.к.
|
Курс меңгерушісі,
ассоц. проф.
|
Гигиена және экологияның өзекті мәселелері. Арал өңірінің қоршаған орта экологиясы
|
Биостатистика
|
2
|
Ахметова Р.Л.
|
м.ғ.к.
|
доцент
|
Қоғамдық денсаулықты зерттеу, мед.статистика. медициналық- демографияның әлеуметтік аспектілері
|
Биостатистика
|
3
|
Бигалиева Р.К.
|
м.ғ.к.
|
доцент
|
Медицина тарихы және қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саласының маманы, 103 ғылыми еңбегі бар.
|
Биостатистика
|
1.8 Байланыс ақпараттары: кафедраның орналасқан жері Төрекулова 71
1.9 Мамандықтың саясаты:
студент кафедраның талаптарын орындау керек:
Сабаққа кешікпеу керек:
сабаққа және дәріске тек қана ақ халатпен жіберіледі;
себепсіз себептермен сабаққа кіргізілмейді
жіберілген сабақтарды оқытушымен белгіленген белгілі уақытта тапсыру;
оқу үрдістерінде белесенді қатысу;
машықтану сабақтарының барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес көркемделіп және орындалу керек;
СӨЖ бойынша тапсырмалар жеткілікті дәрежеде орындалып және оларды бекітілген мерзімде тапсыру;
Барлық аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
2. БАҒДАРЛАМА:
2.1 Кіріспе.
Жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін анықтау және жою мақсатында әртүрлі аймақтардағы эпидемиялық жағдайларды зерттеу және талдаудың ғылыми және практикалық маңызы зор. Эпидемиялық үрдістің заңдылығын және оны тудыратын факторларды біле отырып, бұл үрдістің әрі карай даму барысы жөнінде тұжырым жасауға болады. Болжау нәтижелерін практикада қолдану түрғындардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын-алу шараларын аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау және оларды басқаруға ғылыми тұрғыдан қараумен байланысты.
Эпидемиологияда талдаудың статистикалық әдістерін қолдану қажеттілігі тіпті бір аймақтағы эпидемиялық үрдістердің пайда болу көрсеткіштері жылішілік және жыларалық жағдайда айтарлықтай өзгеріп отыруымен байланысты. Статистикалық талдау эпидемиялық үрдістердің пайда болуларының өзгерулері жөніндегі ақпараттың шынайылығын, кейбір шарттардың, оның ішінде антропогендік ластанудың оған ықпалын бағалауға, және сол аймақ үшін нақты факторлардың ролінің маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, эпидемиологияның дамуының қазіргі замандағы кезеңі әртүрлі статистикалық әдістерді, олардың эпидемиологиялық диагностикада қолданылу шекараларын білуді талап етеді.
Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника жэне денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.
Биостатистика - медицина, денсаулық сақтау жэне эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданылуымен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.
Биостатистика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаға биологиялық статистика теориясының негіздері, тандама тәсіл, статистикалық жорамалдарды тексеру, стандарттау әдісі, дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибені жоспарлау негіздері енгізілді.
Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты гигиена жэне эпидемиология маманының практикалық қызметінде болсын, медициналық жэне биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.
Студентке SAS, SPSS статистикалық кәсіптік, Statistica әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді нақты түсіндіре білу ерекше маңызды.
2.2 Пәнді оқытудың мақсаты: биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін гигиеналық және эпидемиологиялық талдауда қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:
- биологиялық және медициналық деректерді өңдеудің қазіргі заманғы статистикалық өңдеу әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;
- биологиялық және медициналық деректерді өңдеу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері
Студент білуі тиіс:
деректердің түрлерін және оларды бейнелеу тәсілдерін;
өлшеу шкалаларын;
таңдама тәсілді;
таңдаманың репрезентативтілігін;
таңдаманың сандық сипаттамаларын;
бас жиынтық параметрлерін;
сенім ықтималдығы мен мәнділік деңгейін;
сенім аралығын;
орта мәннің стандарттық қатесін;
критерий қуаттылығын;
бірінші және екінші текті қателіктерді;
қалыпты таралу заңының қасиеттерін;
Стьюденттің t-критерийлері;
жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлерін;
келісім критерийлерін;
бірфакторлы дисперсиялық талдауды;
регрессиялық талдауды;
корреляциялық тәуелділікті;
Пирсон корреляциясының коэффициентін, Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін;
эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлерін, эпидемиологиялық көрсеткіштерді;
медициналық – биологиялық эксперимент кезеңдерін, оны жоспарлауды;
компьютерлік статистикалық бағдарламалар: қолданбалы бағдарламалар пакеті SPSS, Statistica, SAS.
Студент істей білу керек:
- деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды;
- биостатистикадағы өлшеулердің шынайылығын бағалауды,
айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтауды;
таралудың статистикалық қатарларын анықтау жэне олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалауды;
олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалауды;
статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын есептеуді;
қалыпты таралу заңы шарттарының орындалуын тексеруді;
деректерді графиктік түрде кескіндеуді;
бас орта үшін сенім аралығын табуды;
бірфакторлық дисперсиялық талдау әдістерін колдануды;
сызықтық регрессия теңдеуін анықтауды;
регрессия коэффициентінің мэнділігі жөніндегі жорамалды тексеруді;
корреляцияның таңдама коэффициентін есептеуді;
корреляция коэффициенті маңыздылық жорамалын тексеруді;
SPSS, Statistica, SAS қолданбалы бағдарламалар пакетімен жүмыс істеуді;
қорытынды кесте дайярлауды: іс-әрекет саны, орташа, стандартты қателіктер, орташа қателіктері;
алынған нэтижелеріне интерпретация беруді.
2.5 Алдынғы реквизиттер: математиканың мектеп курсы, информатика, медициналық биофизика, медициналық биология, генетика, радиобиология.
2.5.Кейінгі реквизитттер: эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
Биостатистика - медицина, денсаулық сақтау жэне эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданылуымен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр. Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника жэне денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.
2.7.Сабақтың тақырыптық жоспары: дәрістер, машықтану (семинарлық), зертханалық сабақтар және СӨЖ бойынша тапсырмалары (тақырыптар, өткізу түрлері және сағат саны).
Пәннің сағаттарын бөлу
Барлық сағатар саны
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақтар
|
ӨСӨЖ
|
СӨЖ
|
Семестр
|
Бақылау формасы
|
90
|
10
|
20
|
30
|
30
|
6
|
емтихан
|
2.7.1 Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Дәріс тақырыптары
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе. Медицинадағы математикалық статистика. Қысқаша тарихы. Л.Кетле, Ф. Гальтон, К. Пирсон, В. Госсет (Стьюдент) биометриканың дамуындағы ролі. Статистикалық ғылымның дамуына Р.Фишердің қосқан үлесі. Медицина саласындағы математикалық статистиканың негізгі анықтамалары. Статистика дәлелдемелі медицинаның негізгі құралы.
|
2
|
2
|
Таңдама жиынтық. Бас жиынтық және таңдама. Бас жиынтықты зерттеудің таңдама әдісі. медико-биологиялық зерттеулерде қолданылатын өлшеу шкалаларының негізгі типтері. Сандық және сапалық белгілері. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Стандартты қате. Жиынтықтың бас параметрлерін бағалаудағы таңдама сипаттамалары. Жиынтық параметрлерінің нүктелік және интервалды бағалары. Қалыпты таралудың параметрлерін интервалды бағалау. Статистикалық мәліметтерді көрсетудің графикалық әдісі.
|
2
|
3
|
Статистикалық гипотезаларды тексерудің негізгі теориялары. Биомедициналық зерттеулерге қатысты статистикалық гипотезалар түсінігі. таралудың қалыптылығын тексеру бойынша негізгі гипотеза. Критеридің сезімталдығы. Сенім интервалдары. Сенім интервалдары көмегімен гипотезаларды тексеру. Нөлдік және альтернативалы гипотеза. Гипотезаны тексерудің параметрлік және параметрлік емес критерилері.
|
2
|
4
|
Дисперсиялық анализ негізі. Бірнеше топты салыстыру: дисперсиялық анализ. Дисперсиялық анализдің негізгі түсініктері. Дисперсиялық анализ көмегімен текесерілетін статистикалық гипотезалар. Фишер критериі. Стьюденттің критериі: екі топты салыстыру. Критикалық мәні t.
Өміршеңдікті талдау. Өміршеңдікті талдау әдістерінің ерекшелігі. Өміршеңдік қисығы. Өміршеңдіктің стандарттық қатеся және сенім аралықтары. Өмір уақыты ұзақтығының кестелері. Логрангілік критериі. Йетс түзетуі.
|
2
|
5
|
Корреляциялық-регрессиялық талдау. Корреляциялық талдаудың негізгі ұғымдары мен міндеттері. Пирсонның корреляция коэффициенті және оның қасиеттері. Спирменнің рангілік корреляциясының коэффициенті. Регрессия және корреляция арасындағы байланыс. Детерминация коэффициенті.Корреляцияның статистикалық маңызы. Биомедициналық нысандарды зерттеудегі регрессиялық талдаудың негізгі ұғымдары мен міндеттері. Регрессия теңдеуі. Регрессия теңдеуінің параметрлерін таңдама бойынша бағалау. Ең кіші квадраттар әдісі. Регрессия коэффициентінің мәнделеге жөніндегі жорамалды тексеру.
|
2
|
|
Барлығы:
|
10
|
2.7.2. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Таңдама әдіс. Статистикалық жиынтық, бақылау бірлігі, есептік белгілері. Статистикалық зерттеудің кезеңдері. Репрезентативті мәліметтер. Ситуациялық есептер шығару.
|
2
|
2
|
Бас жиынтықтың параметрлерінің нүктелік және интервалды бағалары. Мәліметтерді топтастыру негіздері. Статистикалық кестелер.
|
2
|
3
|
Статистикалық кестелерді құру ережелері. Статистикалық көрсеткіштерді графикалық бейнелеу. Графикалық бейнелеуді жасау арқылы есептер шығару.
|
2
|
4
|
Таралудың статистикалық көрсеткіштері. Таралу қатарлары. Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамасы. Салыстырмалы жиілік және жиіліктің гистограммасы. Таралу полигоны.
|
2
|
5
|
Салыстырмалы өлшемдер. Статистикалық коэффициент. таралу орталығының көрсеткіштері. Орташа шамалар – орта арифметикалық, мода, медиана, орташа квадраттық ауытқу. Көрсеткіштерді есептеу. Стьюденттің t-критериі.
|
2
|
6
|
Дисперсиялық талдау. Бірнеше орташалардың арасындағы айырмашылықты бағалау. Жалпы, факторлы және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдау.
|
2
|
7
|
Стандарттау әдісі. Тікелей стандарттау әдісі. Тікелей емес стандарттау әдісі. Стандарттау кезеңдері
|
2
|
8
|
Эпидемиологиялық зерттеулердегі статистикалық әдістер. Статистикалық талдау негіздерін қолданып эпедимеиологиялық көрсеткіштерді өңдеуге арналған есептерді шығару. Эпидемиологиялық көрсеткіштерді бағалау. аурушылдықты қауіп-өатер факторы бойынша талдау.
|
2
|
9
|
Корреляциялық-регрессиялық талдау. регрессиялы талдаудың негізгі көрсеткіштері – регрессия коэффициенті, регрессия теңдеуі, регрессия сигмасы, регрессия шкаласы және олардың практикалық қолданылуы. Пирсонның корреляция коэффициенті және оның қасиеттері. Спирменнің рангілік корреляциясының коэффициенті.
|
2
|
10
|
Параметрлер арасындағы байланыстың күші мен сипаты.Параметрлік және параметрлік емес критерийлерді қолдану. Екі дисперсияның айырмашылығын бағалау үшін Фишердің F критерий. Екі таңдаманы салыстыру: манна-Уитни критерийі.
|
2
|
|
Барлығы:
|
20
|
2.7.3.Студенттің мұғаліммен бірге атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
ОСӨЖ тақырыптары
|
Сағат саны
|
1
|
Интервалдық статистикалық қатар.
Стерджес формуласы.
|
2
|
2
|
Интервалдық статистикалық қатардың сандық сипаттамалары. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммасы.
|
2
|
3
|
Жорамалдарды тексерудің параметрлік критерийлері.
Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t – критерийі.
|
2
|
4
|
Жорамалдарды тексерудің параметрлік емес әдістер.
|
2
|
5
|
Тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі бақылау: таңбалар критерийі SPSS, Statistica компьютерлік бағдарламаларды қолданып деректерді статистикалық өңдеу.
|
2
|
6
|
Колмогоров – Смирнов келісім критерийі.
|
2
|
7
|
Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың әдісі.
|
2
|
8
|
Рангтік корреляция әдісі: Спирменнің рангілік корреляциясының коэффициенті.
|
2
|
|
Аралық бақылау - I
|
|
9
|
Регрессия мен корреляция байланысы.
|
2
|
10
|
Корреляция коэффициентінің мәнділігі.
|
2
|
11
|
Стандарттаудың тікелей әдісі және оны қолдану кезеңдері.
|
2
|
12
|
Стандарттаудың тікелей және тікелей емес әдістері.
|
2
|
13
|
Спалы белгілерді талдау. Сапалы және дискретті белгілері бойынша таралған популяциялардың біртектілігін тексеру.
|
2
|
14
|
Орайластық кестелері. Орайластық кестелерін Хи-квадрат критериі бойынша талдау. Фишердің нақты критериі.
|
2
|
15
|
SAS, SPSS, Statistica қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып, биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау
|
2
|
|
Барлығы
|
30
сағат
|
2.7.4.Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
СӨЖ тақырыптары
|
Сағат саны
|
1
|
Таңдамалы жинақ үшін бақылау бірліктерін іріктеп алу тәсілі. Зерттеудегі жүйелі түрде бролып тұратын қателіктердің мүмкіндік типтері. Белгілердің әртүрлілігін өлшеу. Вариация коэффициенті.
|
3
|
2
|
Көпфакторлы дисперсиялық анализ. Көпфакторлық анализдің бірфакторлық анализден негізгі айырмашылығы.
|
3
|
3
|
Көп түрлі салыстырулар. Екі топты салыстыру: Стьюдент критерийі
|
3
|
4
|
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау тәсілдері.
|
3
|
5
|
Қауіптілік факторының адамға әсер ету ұзақтығына баға беру.
|
3
|
6
|
Медициналық-биологиялық мәліметтерге статистикалық анализ жасауда қоданбалы BioStat бағдарламалық пакетін пайдалану. (Статистикалық анализ жасауда және алынған нәтижені интерпретациялауға қажетті қажетті негізгі тәсілдерді пайдалану мақсатындағы нақты тапсырмалар).
|
3
|
7
|
Болжаудың статистикалық әдістері
|
3
|
8
|
Ауруларды қауіп – қатер факторы бойынша талдау.
|
3
|
9
|
SAS бағдарламасымен медициналық – биологиялық деректерге статистикалық талдау жүргізу.
|
3
|
10
|
SPSS бағдарламасымен медициналық – биологиялық деректерге статистикалық талдау жүргізу.
|
3
|
|
Итого:
|
30
сағат
|
2.8.Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Студент қалауынша СӨЖ реферат түрінде, ситуациялық есептерді және тесттерді, жаңа ақпаратты алғашқы таныстыру түрінде дайындалады, тақырып бойынша реферат дайындау, ситуациялық есептер, ұсынылған әдебиеттер бойынша биостатистика негіздерін, тандама тәсілін, статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздерін, параметрлік критерийлерін, параметрлік емес критерийлерін, медицинадағы және қоғамдық денсаулық сақтаудағы дисперсиялық талдау негіздерін, регрессиялық талдауды, корреляциялық талдауды.
2.9. Әдебиеттер
Қазақ тіліндегі
негізгі:
1. Ахметқазиев А.А., Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы «Экономика», 2002. қосымша:
1 Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991.
Орыс тіліндегі
негізгі:
І. Применение методов статистического анализа (для изучения общественного здоровья и здравоохранения). Под редакцией чл.-корр. РАМН, проф. В.З. Куче-ренко. Учебное пособие. - М., ГЭОТАР - Медиа, 2011.
2. В.И.Зайцев, В.Г.Лифляндский, В.И.Маринкин. Прикладная медицинская ста-тистика. Учебное пособие.- С-Петербург, Фолиант, 2006.
3. Жидкова О.И. Медицинская статистика (конспект лекций). - М. «Эксмо», 2007.
4. Савилов Е.Д., Мамонтова Л.М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. - М. «МЕД пресс-информ», 2004.
5. Герасимов Л.Н. Медицинская статистика. М, МИА,2007.
қосымша:
Жижин К.С. Медицинская статистика. - Высшая школа. Феникс. Ростов-на-Дону, 2007.
Банержи А. Медицинская статистика понятным языком. М., Практическая медицина, 2007.
Сергиенко В.И., Бондарева И.Б. «Математическая статистика в
2.10 Оқу және оқыту әдістері:
1. Дәрістер: жалпы шолу, проблемалық.
2. Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, тестілеу, шағын топпен жұмыс, дискуссиялар, презентациялар, медициналық әдебиеттермен жұмыс, интернеттен ақпараттар іздеу.
3. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): өткен практикалық сабақтардың кейбір сұрақтарын тереңдетіп оқу, рефераттар мен презентацияға дайындалу, дискуссиялар мен аудиттің жоспарын қорғау, жеке және топпен бірге істелген жұмыстардың қорытындыларын талқылау, барлық осы жұмыстар туралы оқытушының кеңесін алу, аралық бақылауды ұйымдастыру.
4. Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттің оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмысы, электрондық тасымалдаушымен жұмыс, тест тапсырмаларына дайындалу және орындау, эпидемиологиялық терминдердің сөздігін құрастыруы, медициналық статьяларды талдау, жеке немесе топпен дайындалу.
2.11 Студенттің білімін бағалау критерийлері мен ережелері
Ағымдық бақылау:
Машықтану сабақтары - ауызша сұрақ (әдістемелік нұсқаулар бойынша студент саббаққа дайын болу қажет)
- тестілеу жазбаша түрде вариант бойынша жүргізіледі
- ситуациялық есептерді жауаптарын тексеру жазбаша түрде жүргізіледі және оқытушыға тексеруге өткізідеді.
СӨЖ
Рефераттарды қорғау, баяндамалар, тақырыптар бойынша пікірлер, презентацияларды көрсету, экология бөліміне сәйкес келетін, оқылып жатқан тақырыпқа тестілік тапсырмаларды тексеру бір аптадан кеш емес.
Аралық бақылау: кредит бойынша коллоквиум тестілеу және ауызша сұрақ ретінде жүргізіледі.
Қорытынды бақылау: ағымды және аралық бақылау нәтижесінің есебімен ауызша емтихан.
Білімдерін бағалау критерийлері мен ережелері
2.11. 1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:
Ағымдық бақылау
ауызша сұрау (әдістемелік нұсқау сұрақтары бойынша студент сабаққа дайын болуы міндетті);
вариант бойынша жазбаша немесе тест орталығында тестілеу;
өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалардың орындалуын жазбаша немесе ауызша түрде тексеру;
Рефераттарды, баяндамаларды қорғау, презентация көрсету, жағдайлық есептерді, тесттерді құрыстырылуын бағалау.
Рубеждік бақылау: жабық тесттер бойынша электронды тестілеу + ашық тесттер бойынша жазбаша тестілеу түрінде, немесе жабық тесттер бойынша электронды тестілеу + ауызша сұрау түрінде коллоквиум.
Қортынды бақылау: ағымдық және рубеждік бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, электронды тестілеу және ауызша емтихан тапсыру.
2.11. 2. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлерінде студент білімін бағалау
1. Ағымдық бақылау кезінде білімін бағалау (t1, t2) тәжірибелік сабақтарда, дәрістерде, СӨЖ-ді орындағанда іске асырылады
t 1= (ТC о.ш. + СӨЖ о.ш.) / 2
t 2 =(ТС о.ш. + СӨЖ ө.ш.) / 2, бұл жерде:
t 1 – 1-ші рубеждік бақылауға дейін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 1 кезең)
ТС о.ш. –дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа балы
СӨЖ о.ш. – СӨЖ-дің орташа балы
t 2 – 1-ші рубеждік бақылаудан 2-ші рубеждік бақылауға дейін жүргізілетін ағымдық бақылау кезінде бағаланған білімінің орташа бағасы ( 2 кезең)
2. Ағымдық бақылаудың 1-ші және 2-ші кезеңдеріндегі білімінің рейтінгі:
R1 = (t 1+ r1) / 2; R2 = (t 2 + r2) / 2,
бұл жерде:
R1 – 1-ші кезеңнің рейтингі, R2 – 2-ші кезеңнің рейтингі.
r 1 – 1-ші рубеждік бақылауда алынған баға, r 2 – 2-ші рубеждік бақылауда алынған баға
t 1-, t 2-нің анықтамасы жоғарыда келтірілген
3. 3-ші кезеңде емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі (R жіб.) келесі формула бойынша есептеледі :
R жіб. = (R1 + R2) /2
Емтихан тапсыруға жіберілу рейтингі 50 балдан ( 50%) аз болмау керек.
4. 4 кезеңде ауызша және тестілеу түрінде емтихан( Е) жүргізіледі.
Тестілеу мен ауызша жауапқа ең көбі 50%-дан беріледі.
Е = (Тестілеу бағасы • 0,5) + (ауызша жауаптың бағасы • 0,5)
Қорытынды баға - J - 5 кезеңде келесі формула бойынша анықталады:
J = ( R жіб. • 0,6) + (Е •0,4)
Қорытынды бағаның (J) максималды баллы 100-ге тен. R жіб.-нің максималды шамасы қорытынды бағаның 0,6 ( немесе 60 балл) құрайды, ал емтихан бағасының максималды шамасы – 0,4 ( немесе 40 балл) құрайды.
6. Білім бақылаудың әр түрлі деңгейлеріндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары.
Білім бақылауның барлық түрінде білімді 100 балдық-100 %-дық жүйе бойынша бағалайды.
кесте
Ағымдық білім бақылау жүргізу кезіндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары( тәжірибелік сабақтар,дәрістер, СӨЖ) *.
|
|
Бағалар
|
|
Орындалу критерий-лері
|
Өте жақсы
90-100 балл
|
Жақсы
75-89 балл
|
Қанағаттанар-лық
50-74 балла
|
Қанағатанар-лықсыз
0-49балл
|
1
|
Сабақтарға, дәрістерге қатысу
|
Міндетті түрде
|
Міндетті түрде
|
Міндетті түрде
|
Міндетті түрде
|
2
|
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарға дайындық деңгейі
|
Бағдарлама-лық материал толық меңге-рілген, ешбір қателік жоқ,, өзіндік ойлау қабілетін көрсеткен
|
Бағдарлама-лық материал-дың меңгері-луі 75 % төмен емес, жауап беру барысында үлкен қателік жоқ
|
Бағдарламалық материалды меңгеріуі 50 % кем емес. Прин-ципиальды емес кемшіліктер немесе, студент оқытушының көмегімен тү-зеткен, принци-пиальды қате-ліктер жіберілген
|
Бағдарламалық материалдың жар-тысынан артығын игермеген, жауап берген кезде принципиалді қате жіберген.
|
3
|
Тақырыпты талқылауға қатысу
|
Белсенді
|
Белсенді
|
Сирек қатысады
|
Қатыспайды
|
4
|
Дұрыс орын-далған зерт-теулердің, СӨЖ–гі
сұрақтарға, тесттерге жауаптар
дың және т.б. саны
|
86- 100%
|
75-85%
|
60-74%
|
менее 60%
|
5
|
Тапсырманы өз бетімен орындалуы
|
Тапсырмалар-дың 90-100 % өз бетімен орындалуы
|
Тапсырмалар-дың 75-89 % өз бетімен орындалуы
|
Тапсырмалар-дың 50-74 % өз бетімен орындалуы
|
Тапсырмалардың 50%-дан аз саны-ның өз бетімен орындалуы
|
6
|
Тапсырманы орындау ба-рысындағы қателіктер мен кемші-ліктер сипаты
|
Студенттің өзі түзеткен принципиал-ды емес кемшіліктер
|
Студенттің өзі түзеткен принципиал-ды емес кемшіліктер немесе принципиал-ды қателіктер
|
Студенттің мұға-лім көмегімен түзетілген прин-ципиалды емес кемшіліктер немесе принци-пиалды қателіктер
|
Өрескел қателіктер
|
7
|
Тақырып сұрақтары бойынша өз бетімен дайындалуы және СӨЖ дайындау кезінде қолданылған әдебиеттер
|
Оқулықтар, оқу нұсқаулар, монография-лар, интернет-тен алынған
материалдар
|
Биостатистика және басқа пәндері жөніндегі оқулықтар, интернеттен алынған мате-риалдар, мер-зімді басы-лымдар.
|
Оқытушы ұсынған Биостатистика пәндері жөніндегі оқулықтар
|
Оқытушы ұсынған Биостатистика пәндері жөніндегі оқулықтар
|
8
|
Қорытынды мен ұсыныс-тар құрастыру
|
Қорытынды-ны барлық мәліметтерді толық талдау негізнде өз бетімен жасаған, анық дәлелдеген.
|
Қорытынды-ны оқытушы-ның көмегі-мен барлық мәліметтерді толық талдау негізнде жаса-ған. Жеке сұ-рақтары дә-лелдеуді қа-жет етеді.
|
Материалды жүйеге келтіруді қиынсынды, мұғалим көмегін қажет етті.
|
Оқытушы көмегінсіз материалды жүйеге келтіре алмады
|
9
|
СӨЖ орындау барысы мен нәтижелерін жазбаша дайындау
|
Талапқа сай
|
Талапқа сай
|
Принципиалды емес кейбір кемшіліктері бар.
|
Дайындауы толық емес, қателіктері бар.
|
10
|
Дәріс конс-пектінің болуы мен бақылау сұрақтарына жауап беру
|
Конспектінің болуы мен бақылау сұрақтарына толық жауап беру
|
Конспектінің болуы мен бақылау сұрақтарына толық емес жауап беру
|
Конспектінің болуы және болмауы, бақылау сұрақтарына жауап бермеуі
|
Конспектінің болмауы, бақылау сұрақтарына жауап бермеуі. Дәрісте болмауы
|
Дәрісте, сабақта болмауы – 0 балл, СӨЖ болмауы – 0 балл, кешігу – минус 10 балл
*- бағалау кезіндегі бірінші дәрежелерге жататын критерийлер: № 2,4,5,6,8
- СӨЖ бағалау үшін 2, 4-9, 12 критерийлерді қолдану керек
- дәрістерді бағалау үшін 1, 10 критерийлерді қолдану керек
2-кесте
Рубеждік және қорытынды білім бақылау жүргізу кезіндегі білімді бағалаудың критерийлері мен шкалалары.
Салттық жүйе бойынша баға
|
Ауызша сұрау барысындағы бағалаудың критерийлері
|
Пайыздық қөлемі
(балл)
|
5
|
Бағдарламалық материалды меңгеру толық, ешқандай қате жіберілмеген, нақты ойлауы көрінеді.
|
86-100
|
4
|
Бағдарламалық материалдың меңгерілуі
75 %, төмен емес, жауапта принципиальды емес қателіктер немесе принципальды түрде жіберілген студенттің өзімен түзетілген қателер бар.
|
75-85
|
3
|
Бағдарламалық материалдың меңгерілуі 50 %-дан төмен емес, жауапта принципиальды емес қателіктер немесе принципальды түрде жіберілген, студенттің өзімен немесе оқытушының көмегімен түзетілген, қателер бар, сонымен бірге жауапты, сұрақтың мәнің түсінбей, береді.
|
50-74
|
2
|
Материалдың меңгерілуі 50%-дан төмен, жауапта принципальды түрде жіберілген қателер бар, жауапты, сұрақтың мәнің түсінбей, береді.
|
50% аз
|
3-кесте
Пән бойынша қойылатын қорытынды әріптік-балдық- рейтингті баға
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық көлемі %
|
Салттық жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
үздік
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қорытынды баға студенттің R жіб. мен қорытынды бақылау бойынша бағалары 50%-дан кем болмаған жағдайда ғана есептеледі.
_____________________________________________________________________________
- б.
Достарыңызбен бөлісу: |