3. “Сұлтан Бейбарс” көркем фильм https://www.youtube.com/watch?v=JZ7oyUS1hTo
4. “Левиафан” көркем фильм https://www.youtube.com/watch?v=pq5pwasRavg
Ежелгі Шығыс және Антикалық мәдениеттері
Көне Египет мәдениеті
Біртұтас Египет мемлекеті (“мемелекет” сөзі “мамлюк” деген сөзден
шыққын, оның мағынасы “біреудің иелігінде, немесе құл” деп аударылады) пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері – перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды.
Перғауындар құдайдың ұлы деп саналады, сондықтан да перғауын өзін “Раның” (“Ра” күн деген мағына береді. Ол – құдайлардың құдайы және “алтын” ұғыммен қосылып айтылады. – “Алтын” нұр шашқан күн) ұлымен деп жариялады.
Көне Египеттің (Е.) мәдениетінің басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды. Олардың мумия жасағаны – өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты, аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Е. өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.