Қолданбалы мәдениеттану қоғамның мәдени өмірін ұйымдастыру мен технологиясын, мәдени мекемелердің қызметін, қоғамның мүдделерін, мәдениетке ыңталандырудың себептерін, ұйымдастырудың формаларын зерттейді. Оның негізгі бағыты мәдени саясатты дамыту - мәдени бағдарламаларды іске асыруда экономикалық, саяси және рухани қамтамассыз ету.
Қолданбалы мәдениеттану мәдениеттің нақты көріністерін, оның формаларын зерттейді. Өнердің түрлері мен формалары, физикалық және рухани мәдениет және мәдениеттің басқа салалары туралы білім де қолданбалы сипатқа ие.