Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

Дәрістің сұрақтары:
1.«Көшпенділер өркениеті» ұғымы 
2. Қазақ мәдениетінің көшпелі шаруашылық типі 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1- сұрақ. «Көшпенділер өркениеті» ұғымы 


Көшпелілік шаруашылық-мәдени тип Қазақстан жеріндегі климаттық және 
ландшафтық ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны маусымдық 
жайылымдардың алмасуы деп атауға болады және ол Қазақстан 
территориясында номадалық типтің XX ғ. басына дейін басым 
болғандығын дәлелдейді. Жауын-шашыны молырақ және мал азығы 
жеткілікті Солтүстік Қазақстанның орманды-далаларын, таулы альпілік 
шалғындарды, өзен-көл аңғарларын халық жайлау ретінде пайдаланған. 
Қыста қары аз, тебінге қолайлы оңтүстіктегі және орталықтағы аймақтар 
қыстау үшін тандалып алынған. Көктеу мен күздеу мал қыстайтын 
жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптасқан дәстүр бойынша 
маусымдық жайылымдар рулар арасында бөліске түскенімен, мал 
қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Бұл 
көшпелілік ШМТ-тің тұтастығын және ынтымақтастығын арттырған. Осы 
жөнінде М. Әуезовтың «Абай жолы» трилогиясында шебер суреттелген 
көріністер көп. 
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша қазіргі Қазақстан 
территориясында қазақтардың тек 1,14% қалаларда тұрған. XX ғ. басында 
отырықшылардың жалпы саны 100-мың адамға ғана жеткен (қазақтардың 
сол кездегі жалпы саны шамамен 6 миллиондай адам). 
Аталған санақ қазақтардың 77% негізінен номадалар болғанын, ал 18% – 
диқаншылықпен айналысқанын көрсетті. Mapгиналдану аймақтарында 
егіншілердің үлес салмағы жоғары болған. Мысалы, Тәшкент уезінде 
қазақтардың 88% диқаншылықпен айналысқан. 
Негізгі шаруашылық-мәдени тип халық менталитетінде нық орын алған. 
Хал-жағдайды сүрау «Мал-жан аман ба?» дегеннен басталады. Бекерден-
бекер «Шаруа көшсе - байыды» деп айтпаған. Яғни, көшпелілер мәдениеті 
көшпелілердің өзі үшін мұрат, үлгі болып есептелген. «Себебі, –дейді Ш. 
Ыбыраев, – көпшілік жаппай жақтырмайтын қоғам мындаған жылдар бойы 
өмір сүре алмайды, әйтеуір бір тарихи бүрылыста елдің бәрі одан үркіп 
шығатыны анық (әрине, күні кешегі жаппай қырғынмен зорлап отырықшы 
ету басқа мәселе)» (Эпос әлемі, 32 бет). Көшпелілік менталитетте 
шаруашылық тәсілін алмастыруға теріс баға берілген. Мысалы, «жатақ» 
деп өмірде табысқа жете алмаған аутсайдерді айтқан. Көшпелілік мәдени 
типтің 
күйзелісі 
қоғамда 
пауперлену 
тудырып, 
бұрынғы 
«ынтымақтастыққа негізделген адамдық тәртіпті» шайқалтқан. Табиғи 
биоценоздың тұтастығының бұзылуы адамдық қауымдасуға да кері әсерін 
тигізеді. Алайда, шаруашылық мәдени типтердің күрделене түсуіне 
байланысты адамдық топтастық табиғи ортадан тәуелсіз бола бастайды.
Еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандандырылу және өндіргіш күштердің 
өнімділігінің артуы материалды мәдениетті жер бетіндегі геологиялық 
күштермен пара-пар, антропоценоздық жасампаз факторға айналдырды. 
Осының нәтижесінде дәстүрлі қоғам индустриалдық қоғамға көшеді. Бұл 
тұрғыдан алғанда көшпелі мәдени-шаруашылық тип мәңгі бола алмас еді. 
Сондықтан оған кері қарай шақыру тарихты кері бұрғанмен бірдей. Енді 
шаруашылық мәдени типтің құрылымдық және функционалдық 


бөліктеріне назар аударайық. Материалдық мәдениетті әртүрлі негізде 
жүйелеуге болады. 
Шаруашылық 
мәдени типтің таксономикалық дербес бөліктеріне 
шаруашылық ұжымдары, тұрғын үй типтері, тұрмыстық қажетті өтеу 
бітімдері, құрал-жабдықтар, бос уақытты өткізу дәстүрі, әдет-ғұрыптар 
ж.т.б. жататыны анық. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлудің 
шартты екендігін ескерте кеткен жөн. Кез келген рухани құбылыс пен 
оның заттандырылған түрі – адамдық тұтас әрекеттің екі жағы. Қоршаған 
ортаға адамның сәулесі түсіп тұр, ал оның сезімдері мен ақыл-ойы 
әлемнен нәр алады. Осы тұтас мәдениет әлемін түсіну мақсатында ғылыми 
дәстүр бойынша әрқайсысы жеке талданады. Қазақ халқының материалдық 
мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті 
мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің 
дәстүрлерін жалғастырды.
Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар ХV ғ. кейін Қазақстан 
жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. 
Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV-XVII ғғ. 
Иассы, Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді қалалар, Орталық 
Қазақстандағы Домбаул, Алашахан, Жошыхан ғибадатханалары, Оңтүстік 
Қазақстан және Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә. Осы сәулет 
үлгілерін салуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері
жарасымдылықтың, үйлесімдік пен тұтастықтың шешімдерін таба білген. 
Ислам діні тірі жанды суретке түсіруге тыйым салғаны белгілі. Сонда да 
қыш құмыра әшекейлеріндегі түбі сонау сақтардың «аң» стилінен 
басталған қазақтың ою-өрнектері тіршілік иелерінің нобайын бейнелеген. 
Мысалы, Жошыхан ескерткіші тек өнер туындысы ғана емес, ол дәуір 
тынысын, дүние тылсымын жеткізіп тұрған ғимарат. Белгілі сәулетші 
Т.Бәсенов: «Өзін талдап түсінуге қуат болатын қазақ сәулет өнерінің ою-
өрнек қазынасы жинақталған өзінше бір музей», - деп жазады. Бұл жерде 
айта кететін тағы бір жай бар. Кейбір мәдениет зерттеушілері Қазақстан 
жеріндегі ғимараттар Орта Азия сәулет көшірмесі дегенге саятын пікір 
айтады. Егер біз ғимараттарға көрік беретін күмбезге назар аударсақ, 
байқайтын нәрсеміз, күмбездік шатыр – жабын мен шаңырақтық 
құрылымдық бірлігі. Шығыстанушы А.Н.Бернштам күмбезді дарбазалы 
сәулеткерліктен кейін бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің өзегі болған үш 
нәрсені – құрылыстық күмбезді қанқасын, портал мен ойма қыштардан 
құрастырылатын декорды ерекше бөліп қарап, мұндағы күмбез идеясы мен 
оны тұтас жүзеге асыру көшпелі-малшы қауым мекендеген солтүстіктен 
алмасқан деп есептеген.
Алайда, қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі өркендеуіне 
сыртқы жағдай онша қолайлы болмады. Жоңғар шапқыншылығы, Орта 
Азия хандықтарының толассыз шабуылы, ең бастысы – батысынан және 
шығысынан шыққан екі империяның – Ресей мен Қытайдың 
жауынгершілік саясаты салдарынан қазақ халқы отырықшылықтан гөрі 
жылжымалы киіз үйге қайтадан көбірек көңіл бөлді. Киіз үй тек баспана 


емес. Ол халықтың өмірлік салт-дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. 
Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк 
аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар 
тәрізді, олардың арасын дала кемелері – түйелер мен ұшқыр қайық-аттар 
қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез 
жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген 
сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін 
тез кебеді. Шаңырақ – шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен 
тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, 
тұрмыс қажеттерінен туса, екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның 
белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен 
қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уықкерегелері оның сәулелеріне ұқсас.
Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі 
алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететін 
ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың 
үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі 
шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер 
тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің де тұрағы дөңгелек. Орталық 
Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы –көшпелілердің киіз үйі. 
Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік 
өркениетіндегі синхрондығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық 
жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан 
түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар
тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің 
тамаша үлгілерін жасаған.
Көшпелілерге кейбір зерттеушілер сияқты ертедегі феодализм өкілдері деп 
айдар таққанша, олардың кәсіптік ерекшеліктерін атап өткен жөн. Ғылыми 
әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік белгілері 
айқындалған: 1) мал бағу – шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл бойы 
малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі; 3) 
жер жағдайында қарай маусымдық көшіп-қону; 4) қазіргі капиталистік 
ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы. 
Генетикалық-туыстық 
бірлік 
арқылы 
да, 
қарым-қатынастық 
байланыстардың негізінде де, жалпы типологиялық ұқсастықтардың 
нәтижесінде 
де 
пайда 
болған 
ұйымдасушылық 
типтері 
әрбір 
этномәдениеттің өзіндік болмысының төлтума белгілеріне жатады. Оларды 
айқындау үшін формациялық тәсілдің беретіні аз. Бұрынғыдағы «көшпелі 
феодолизм» ұғымы қазақ мәдениетінің әлеуметтік типтері онша 
жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды. 
Егер шаруашылық-мәдени тип адамдардың қоршаған табиғи ортаны 
меңгеруінін тәсілі болса, онда әлеуметтік-генетикалық типтер жеке 
тұлғаның басқа әлеуметтік жүйелермен тұрақты және үйлесімді қарым-
қатынаста болуының құралы іспеттес. Бұл туралы А.Тарақты өз ойын 
былай жеткізді: «Ұлы дала, көшпелі өмір салт, маңдайға жазылған соң, сол 
жазмышқа көндігудің бірден-бір кепілі-адамдар бірін-бірі жатсынбай, 


біріне-бірі арқа сүйеп қана өмір сүруі қажет. Бұл қажеттілікті терең 
сезінген көшпелілер «адамның күні – адаммен» деген принципті 
тіршіліктеріне тірек еткен. Сондықтан да әрбір көшпелі қазақ туыстық-
қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-
этникалық критерий деп білген. Мұндай дәстүрдің бұлжымай сақталуына 
жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл орайда, жеті аталық үрдіске 
ұлттың этнобиологиялық және этномәдени тұтастығын қамтамасыз ететін 
ғажайып тетік ретінде ден қоюға тура келеді». 
Туыстық негізде қалыптасқан рулық-тайпалық адамдардың әлеуметтік 
бірлестіктері бүкіладамзаттың басынан өткізген ұжымдасу типіне жатады. 
Бұл туралы этнографиялық әдебиетте жеткілікті жазылған.Сондықтан бұл 
мәселенің кейбір жақтарына ғана тоқталып өтейік. 
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипі – көшпеліліктегі тағы бір маңызды 
мәселе ондағы әлеуметті құрылымға қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктеріне 
қатынасты. Мұндағы алдымен көзге түсетін нәрсе - қайымдық тұтастық. 
Егер еуропалық нарықтың қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар 
шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар ең 
құнды болып есептеледі. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол 
өзінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекенднрге де қол 
сұғуға болмайтындығын мойындау. Қауымдық қатынас мекендер 
егемендігінен туады. Ата қоныстың әр жағрафиялық белгілері халық 
санасында киелі жерлер деп есептеледі, яғни қоршаған орта киелі 
таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден әруықтар жатқан 
молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жерлер 
мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырған.
Әрине, көшпелілі мәдениетті бүкіл адамзат үшін ең жоғары үлгі деп 
көтермелеудің қажеті жоқ. Номадалық өмір салты қалалық мәдениеттің 
қалыптасуына, оған байланысты жазу-сызудың, оқу орталықтарының, 
қолөнердің, техниканың дамуына жағдай туғызбады. «Мен кіммін, неге 
өмір сүремін, қалай өмір сүремін, ажалды қалай қарсы алу керек?» – 
тәрізді сұрақтар қауымдық қоғам мүшелерін тым көп ойландырмады. Бәрі 
алдын ала шешіліп қойылған, аталдың белгілеп кеткен жолынан таймаса 
болды. Салт-дәстүр уақытқа бағынбайды, ол мәнгілікпен теңесті. Бұрын 
жасалғаннан айырылу өліммен бірдей. Ал егер табиғи апаттар, әлеуметтік 
қақтығыстар, жаугершілік келсе, онда көп жағдайда көшпелілердің 
өзгерген ортаға бейімделуі қиын болады. Ескі құндылықтар жүйесі 
жоғалып кетіп, қауымдық адамдар жаңа игіліктерді өздеріне пір тұта 
алмады. Талай атағы жер жарған көшпелілер империялары тарих жолынан 
шығып қалып жүрді. Бұл жерде ғұндар мен монғолдардың, түріктер мен 
арабтардың тарихи тағдырын еске алсақ жеткілікті.
Көшпелі қауымдастықта жеке-дара моральдық қасиет жоғары бағаланған. 
Мәдени қаһарман көлеңкеде емес, тіршілік майданында толыққанды өмір 
сүріп, бұл дүниеден өкінбей өткен. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тұлғаны 
«Шығыста тек енжар, еріктілігі шектелген, жасампаздыққа бара алмайтын, 
мүлгіген адамдарды кездестіреміз» деушілер ақиқаттан алыс. Тұлға топ 


бастаған, жауды қайтарған, ару сүйген, өзін елі мен мұраты жолында 
құрбандыққа шалуға да дайын. Осындай даралану эгоцентризмге емес, 
керісінше интерсубъектілікке сүйенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет