Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ. Тоталитарлық қоғамның моральдық негіздері



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата19.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#158915
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

3 сұрақ. Тоталитарлық қоғамның моральдық негіздері. 
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп ахуалын тікелей қарастырудан бұрын 
тоталитарлық қоғамның моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. 
Бірішіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері 
бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш көрсетуге 
сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлғаорталықтық қоғам 
десек, екіншісі – жүйеорталықтық әлеуметтік құрылымға жатады. екішісіне 
жасандылық тән, сондықтан оны «құрылыс» (үлгі бойынша жасалған) деп 
атайды. Осы жүйеорталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне 
жеткен түрін тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің 
негізін қалаушылардың бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: 
«Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге және қарсы ештеңе болмауы керек», 
тоталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-
мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды 
басып тастаған. 
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған «Қоғамды 
коллективистік рухта қайта құру» феномендері жиі шатастырылады. Бұл К. 


Маркс еңбектерімен сырттай таныс болудан шығады. К. Маркс өзінің «1844 
жылғы экономикалық және философиялық қолжазбаларында» қоғамдық 
дамудың мақсаты «еркін индивидуалдық» деген және коллективті жан-жақты 
дамыған индивидтердің ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс 
ойшылы «тұрпайы коммунизмді» қатал сынға алған. Әрине, марксизм 
классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының орнына тап күресін, 
пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан теріс 
пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар 
Аристотельге қалай қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз 
идеялар жасырылып, конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға қойылды. 
Сол себепті ресейлік марксизм шегіне жеткен антигуманизмге (Альтюссер) 
айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас айтқанда, Ресейде мутацияға 
ұшыраған марксизм жеңіп шықты. Пролетариат диктатурасының атын 
жамылған партия көсемдері мен бюрократиясының диктатурасы өмірге 
келді. Кейін бұл жүйе әлем халқының үштен бірін қамтыды және бекерден 
бекер ол «лагерь» деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік пен 
ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық. 
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы –солдаттар, 
қуылған және аластатылған дарашылдар. «Коллектив мүддесі жеке адам 
мүддесінен жоғары қойылады» және ауыстырылмайтын адам болмайды. 
Сталинге жазған хатында Ф. Раскольников «Сіз адамды жек көретін 
социализмді жақтайсыз» деген екен. Тек бір ғана адам еркін бола алады. Ол – 
харизматикалық көсем. Шын мағынасында ол –Әзәзіл. Жеке адам 
мемлекеттік машинаның тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме –«революция 
солдаты». 
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес Одағында 
қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан наразылық 
тудырып, қарсылық қозғалысын дүниеге әкелді. Олардың арасында зиялы 
қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер мен тұлғааралық қарым-
қатынаста өрістеген саяси анекдоттарды, диссиденттер әрекеттерін атап 
өтуге болады. 
Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, онда адам үшін 
күрес «мәдениет майданында» да жүріп жатты. Социалистік қоғамда ресми 
функционерлер («шолақ белсенділер») мәдениетті идеологиялық құбылыс 
деп түсініп, абстракты «коммунистік тұлға» дегенді тәрбиелеу құралы 
ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар «ақ» пен «қызыл» саяси 
жіктемесі бойынша «үстем тап өкілдері» мен «еңбекшілер мүдделерін 
қорғаушылар» болып жасанды екі топқа бөлінді. 50-і жылдардың ортасына 
дейін Абайдың өзі патриархалды-феодалдық тұлға деңгейінен шықпай 
қалды. Дегуманизацияға ұшыраған социалистік қауымды сол себепті «тарихи 
қателік» деп бағалаудың негізі бар.
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақ мәдениетіне тікелей көшсек, онда 
мынадай үрдістерге назар аударған жөн: 
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың төлтума 
мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан тетіктері 


шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу өрістеді. Қ. 
Әбішевтің тілімен айтқанда, қазақтың әдебі жат болмыста әрекет етті.
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану нормаларын 
өзгерту күш көрсету мен жасанды схемалардың тар шеңберлері арқылы 
жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының «Тарих толқынында» атты кітабында 
мынадай ой айтылады: «Олардың түпкі негізінде кез келген тоталитарлық 
доктринаның жан түршіктіретін табиғи және тарихи кінараты – адамның 
жеке басы мен адамдар қауымының кез келген жоспар бойынша оңдауға да 
жондауға да бола береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, 
мыңдаған жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, 
«жасаймыз жаңа дүние» дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ 
осыған айқын дәлел” (Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: 
Атамұра, 1999. – 65 б.). 
Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ адамын «Мен» 
дегізерлік әдептік қасиеттерінің тарихи құндылықтарына (еркіндік, азаттық, 
қонақжайлылық, мәмілелік, тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді 
сыйлау, т.т.) орасан зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық 
санамен ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы құрмет тұтып келген хандар, 
билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер, т.т. (Абылай, Кенесары, Алаша 
хан, Жәнібек, Қасым, Қазыбек би, Төле би, Айтеке би, Иасауи, Қорқыт т.б.) 
нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан осы туралы тағы бір 
үзінді келтірейік: «Тоталитаризмнің өзге бір «тамаша формуласы» – ұлттық 
сананы әлеуметтік-топтық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай 
қып бекітетін ұйытқыны қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі –
ұлттық тұтастықтың орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың 
насырға шапқандығы сондай, осы күнгі баз біреулердің өзі ата-тегін 
«заңгердің баласынан» бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық 
сана-сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен 
жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды» ( Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. 
– Алматы: Атамұра, 1999. – 65 б.). 
Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу негіздері ғана 
емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік сана- сезімінде теріс 
қылықтар көбейіп кетті. Мемлекеттік «казармада» адамның тектілігі оның 
шыққан әлеуметтік тобымен айқындалады. Анкеталарда «әке-шешем 
жұмысшы болды деп жазуға көп адамдар ынталанған. 
Тоталитарлық қоғамдағы мәдениеттің органикалық формаларының бұзылуы 
туралы көп дәлелдер мен деректер келтіруге болады. Алайда жағдайды қара 
бояумен суреттей беру де сыңаржақтылыққа жатады. Жоғарыда аталып 
өткендей, тоталитаризм «қазақ адамын» мүлдем өз ыңғайына көндіріп, 
орындаушы мәңгүртке айналдыра алмады. Осыған дәлелдер мен мысалдарды 
көптеп келтіруге болады.
Қатал сынға ұшыраған қазақтың әдептік-мәдени құрылымдары (қауымдық 
және тұлғалық деңгейде де) өзіне тән ынтымақтастық, кісілік пен 
сұхбатшылдық құндылықтарын сақтап қалды. Оны бірнеше себептермен 
түсіндіруге болады.


Біріншіден, 
Қазақстанда 
индустрализация 
жүргізіліп, 
қалалардағы 
тұрғындардың саны артқанымен қазақтардың басым көпшілігі ауыл-селода 
қоныстанды. Нақтылы тарихи жағдайда, осы кеңестік 70 жылдың ішінде 
қазақтың төлтума мәдениеті ауыл-селоларда өз бітімін сақтай алды, 
маргиналдыққа кем ұшырады, дүбаралық қатынастар аздау болды. Қысқаша 
айтқанда, ауыл тоталитарлық қоғамда да қазақ мәдениеті үшін ұйытқы 
болды. Қазіргі қазақ зиялыларының басым көпшілігі ауылдан шыққандар. 
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның жағымды 
жақтары да болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы мен білім-ғылым 
ордаларының ашылуы, ұлттық кадрларды дайындау қоғамның мәдени 
деңгейін көтерді. Көзі ашық қазақ зиялылары тоталитарлық бақылау 
жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік мәдениетін жетілдіруге үлкен 
қызмет атқарды. Мысалы Қ. Кемеңгерұлы: «Бұқарашыл орыс қиялиларының 
жеке дара ұстаған жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза 
Жапония жолымен жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты 
сақтау керек», – деді. Тағы бір ескеретін жәйт: коммунистер өзінің Батысқа 
қарсы текетіресінде Шығысқа иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы 
ұстанымды пайдаланып, жалпы Шығыстың (соның ішінде – қазақтың) 
азаттығын армандады. Мысалы, кеңесшіл деп аталатын Сәкен Сейфуллиннің 
өзі «Күн Шығыстан атады!» деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет