Мәди Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі
І жарты жылдық 2016-2017 оқу жылы
Мектебіміз шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Барлығы 36 оқушы білі алуда. Сыныптар саны – 9, сынып -комплектілер саны -6. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде 11 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары білімді 6 мұғалім, арнаулы орта біліммен 5 мұғалім. І санатмұғалімдер – 4 мұғалім, 2 санатты -4 мұғалім, әр түрлі разрядта – 3 мұғалім.
2016-2017 оқу жылында мектеп ұжымы тағы бір жас маманмен толықты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінің түлегі Сейфилмаликов Адилет Оразалиевич информатика пәнінен сабақ береді. Бұған қоса екі жас маман қызмет атқарып жатыр. Олар бастауыш сынып мұғалімі Жанатаева Айнаш Жолдагаровна және ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбет Сапфира Бауыржанқызы.
1 тоқсанның басында 29 оқушы болса, тоқсан соңында оқушылар саны 36 оқушыға жетті. Мектебіміз барлық пәндер бойынша қажетті мамандармен толықтырылған. І тоқсанның қорытындысы бойынша 81% білім сапасын көрсетті. Бастауыш сыныптар бойынша білім сапасы төмендегідей:
Бастауыш сыныптар бойынша 4 озат оқушы, 4 –екпінді, қанағаттанарлық – 1 оқушы.
5-9-сыныптар бойынша білім сапасы мынадай:
Жоғары сыныптар бойынша 5 озат оқушы, екпінділер саны – 14 оқушы, қанағаттанарлық баға алған 5 оқушы.
І тоқсанда 10 оқушы республикалық «Ақбота» интеллектуалдық сайысына қатысып, сертификаттармен марапаталды. 7-сынып оқушысы Мукашев Бахтияр қазақ тілі пәнінен «Дарын» орталығының қашықтық олимпиадасына қатысып, 15 ұпай жинап, сертификат алды.
Орыс тілі пәні мұғалімі Жылкыбаева А.Т. өз пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаларына қатысып, сертификат алса, мектеп психологы Баймаханова Г.Т. және Калымжанова С.Т. педагогика пәні бойынша қашықтық олимпиадаға қатысып сертификаттар алды.
Достарыңызбен бөлісу: |