2
Мектепалды даярлық сыныптарының
оқу жоспарының түсінік хаты.
Мектепалды даярлық топтарда және сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу 22 сабақ көлемінде базистік оқу жоспары (№1-қосымша) және «5-7 жастағы балаларға арналған мектепалды дайындық» (1999 жыл, Семей қ.) бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныптары мен жалпы білім беретін мектептердегі топтардың жұмыстарын ұйымдастыру барысында “Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілі жоспарларын бекіту туралы” 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығының, “Білім туралы” ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ ҚРЗ Заңының негізінде бекітілген мектепалды даярлық сыныптарының үлгілі оқу жоспарын басшылыққа алынды.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері түрлі педагогикалық іс-әрекетті дайындық тобының күн тәртібі бойынша іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, сабақтар, серуендеу, тамақтану, ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжетті-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен жұмыс.
Мектепалды даярлық топтарында демалыс уақытында (қаңтар айында 2 апта, ақпан айында қосымша демалыс 1 апта, наурыз айында 1 апта ) сабақтардың орнына ойын, дамытушы және көңіл көтеру іс-әрекеттері жүргізіледі.
Инварианттық бөлімінің апталық жүктемесі 24 сағат.
Вариативтік бөліміне балалардың қызығушылығы мен таңдауы бойынша сабақтар кіреді. Оның саны 4 сағат. Ата-аналар таңдауы бойынша келесі сабақтар кіреді:
“Би” (автор Тулебаева А.Е.) - 1 сағат аптасына – курс балаларды би өнерімен таныстыру, би билеуге үйрету мақсатымен бағыттылған.
“Ұлттық ойындар” (автор Тулебаева А.Е.) – 1 сағат аптасына – ұлттық ойындар арқылы балалардың дене шынықтыруын дамыту мақсатымен осы курс өткізіледі.
«Тоқу» (автор Тулебаева А.Е.) – 1 сағат аптасына – тоқу арқылы балаларды шеберлікке, еңбекшілікке тәрбиелеу және саусақ моторикасын дамыту мақсатымен курс өткізіледі.
«My English» (автор Беркенова А.К.) – 1 сағат аптасына – ағылшын тілінен алғашқы білімдер беру мақсатымен өткізіледі.
Вариативтік бөліміндегі курстардың бары педкеңесте бекітілген (хаттама №1 27.08.2014)
Барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі – 24 сағат.
Сабақтардың ұзақтығы – 25-30 минут
3
Мектепалды даярлық
сыныптарының оқу жоспары.
|
Білім беру салалары
|
Бір аптаға ҰОӘ – нің саны (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
|
апталык
|
жылдык
|
1.
| “Денсаулық” |
4
|
132
|
Дене шынықтыру
|
3
|
99
|
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология
|
1
|
33
|
2.
| “Қатынас” |
6
|
198
|
Тіл дамыту
|
1
|
33
|
Көркем әдебиет
|
0.5
|
16.5
|
Сауат ашу мен жазу негіздері
|
1.5
|
49.5
|
Орыс тілі
|
3
|
99
|
3.
| “Таным” |
3
|
99
| Сенсорика |
-
|
-
|
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
|
1.5
|
49.5
|
Құрастыру
|
0.5
|
16.5
|
Экология негіздері
|
0.25
|
8.25
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
0.75
|
24.75
|
4.
| “Шығармашылық” |
5
|
165
|
Сурет салу
|
1
|
33
|
Мүсіндеу
|
1
|
33
|
Қол еңбегі (жапсыру)
|
1
|
33
|
Музыка
|
2
|
66
|
5.
|
“Әлеуметтік орта”
|
3
|
99
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
0.25
|
8.25
|
Экология
|
0.25
|
8.25
|
Көркем әдебиет
|
0.5
|
16.5
|
|
Өзін-өзі тану
|
1
|
33
|
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы
|
25-30 мин
|
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі
|
20
|
|
|
Вариативтік компонент
|
4
|
132
|
|
Би
|
1
|
33
|
|
Ұлттық ойындар
|
1
|
33
|
|
Тоқу
|
1
|
33
|
|
My English
|
1
|
33
|
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің жалпы көлемі
|
24
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |