Медицина факультеті


Диссоциациялану дәрежесі және диссоциациялану константасына анықтама беріңіз. Әлсіз және күшті электролиттер. Мысалдарды келтіріңіз



бет11/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

8. Диссоциациялану дәрежесі және диссоциациялану константасына анықтама беріңіз. Әлсіз және күшті электролиттер. Мысалдарды келтіріңіз
Диссоциациялану дәрежесі. Бір түрлі еріткіштерде әр түрлі электролиттер диссоциацияланады, сондықтан диссоциациялану дәрежесі қабылданған. Еріген зат молекулаларының қаншасы диссоциацияланғандығын көрсететін шаманы диссоциациялану дәрежесі деп атайды, оны α деп белгіліп, диссоциацияланған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы арқылы анықтайды:

Nдис–диссоциацияланған молекулалар саны; Nжалпы– молекулалардың жалпы саны; α–изотондық коэффициентпен байланысты.


Диссоциациялану дәрежесі — диссоциацияланған молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Ол процентпен көрсетіліп, мынадай формуламен өрнектеледі
α=n/N x100
Мұндағы n - диссоциацияланатын молекулалар саны, N - барлық молекулалар саны.
Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді.

α-ға байланысты электролиттер әлсіз және күшті болып бөлінеді.


Күшті электролиттерге мына қосылыстар жатады: (α=1 немесе α=100%), негіздер: LiOH, NaOH, KOH, CsOH, RbOH, Ba(OH)2, Sr(OH)2; қышқылдар: H2SO4, HNO3, HCl, HBr, HI, HClO4, HMnO4, барлық дерлік тұздар.

Әлсіз электролиттерге: (α<1): Н2О органикалық қышқылдардан бензой және сірке қышқылдары, қышқылдардан НСN, H2S, H2CO3, HNO2, H2SiO3, негіздерден NH4OH, нашар еритін негіздер, кейбір тұздар Hg2Cl2, Fe(CNS)3, Pb(CH3COO)2 жатады.


9. Электролиттік диссоциация теориясы нені қарастырады? Күшті электролиттердің ерітінділері. Активті концентрация, активтілік коэффициент, иондық күш туралы түсінік беріңіз.

Электролиттердің ерітіндісі мен балқымаларында әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды. Диэлектрлігі жоғары ортада (су, спирт т.б.) иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде зарядталған бөлшектерге − иондарға ыдырайды. Бұл құбылыстарды электролиттік диссоциация дейміз. Қышқылдардың, гидроксидтердің сулы ерітінділерінің қасиеттері, олардың қандай иондарға диссоциацияланатындығымен анықталады. Қышқылдардың жалпы қасиеттері қышқыл ерітінділерінде бола алатын сутек иондарының, ал сілтілік қасиет гидроксил иондарының болуына тәуелді. Диссоциацияланғанда әрі сутек, әрі гидроксил иондарын түзетін электролиттер амфолиттер деп аталады. Амфолиттерді қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесіп, тұз түзуге қабілетті келетін электролиттер деп қарастырамыз. Көп негізді қышқылдар мен сілтілер әдетте сатыланып диссоциацияланады. Сатыланып диссоциациялану нәтижесінде қышқылдық және негіздік тұздар түзіледі.


Күшті және әлсіз электролиттер
Барлық заттардың молекулалары үшін иондарға ыдырау қабілеттілігінің бірдей болуы мүмкін емес, өйткені әртүрлі зат молекуласындағы химиялық байланыстар бірдей емес. Электролиттік диссоциация процесінің қайтымдылығы салдарынан кез келген электролит ерітіндісінде тепе-теңдік күйі орын алады: бірдей уақыт бірлігінде қанша молекула ыдыраса, сонша әртүрлі зарядталған иондар қосылып молекулалар түзіледі.
Мұндай тепе-теңдік күйдің сандық сипаттамасы диссоциация дәрежесі болмақ. Диссоциация дәрежесі α деп иондарға ыдыраған молекулалар санының (Nдис ) ерітіндідегі жалпы молекулалар санына (Nжалпы) қатынасын айтады:
Диссоциация дәрежесі – өлшемсіз шама; оны пайызбен (%) немесе бірлік үлесімен өрнектейді. Активтілік. Активтілік коэффиценті.
Иондар арасындағы күштердің әрекеттесуі ерітіндінің электрөткізгіштігінің төмендеуіне, қату және қайнау температурасына, иондардың химиялық реакцияларға түсу қабілетіне әсер етеді. Сондықтан, дәлірек есептеу үшін тепе–теңдік концентрациясының орнына активтілік пайдаланылады. Активтілік иондардың өзара тартылысын, еріген заттардың еріткіштермен әреккеттесуін, өзге иондардың қатысуын және басқа да иондардың ерітіндідегі қозғалысын өзгертетін құбылыстарды есепке алады. Иондардың активтілігі деп, химиялық реакциялар кезінде тиімді әрекеттесетін концентрациясын айтамыз. Активтілік химиялық реакциялар кезінде бұл иондар, олардың концентрациясы 0,1 г-ион/л тең болғандағыдай емес, 0,0814 г-ион/л тең болғандағыдай әрекет етеді. Активтілік мольмен және бір литрдегі г-ионмен есептеледі. Шексіз сұйытылған ерітінділер үшін а-С, яғни иондар арасындағы күштердің иондардың қозғалысына әсер етуі аз. Активтіліктің шын мәніндегі концентрациядан қанша есе көп екендігін көрсететін шаманы активтілік коэффициенті деп атайды:
F=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет