Медицина факультеті


Ерітінділердегі комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық және тұрақтылық константаларына анықтама беріп, түсіндіріңіз



бет23/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

36. Ерітінділердегі комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық және тұрақтылық константаларына анықтама беріп, түсіндіріңіз.
Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:
[Ag(NH3)2]Cl→ [Ag(NH3)2]+ + Cl—
K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]—
Түзілген комплексті иондар өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.
[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3
[Ag(CN)2]— ↔ Ag+ + 2CN—
Комплексті иондардың диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс болғандықтан оларға массалар әсерлесу заңын қолдануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:
Кт.з.= ([Ag+]∙[NH3]2)/[Ag(NH3)2]+ =6,8∙10-8
Кт.з. = ([Ag+]∙[CN—]2)/[Ag(CN)2]— =1,0∙10-21
Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з.деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады.


37. Комплексті қосылыстардың изомериясы мен номенклатурасы дегеніміз не? Комплексті қосылыстардың классификациясы.
КҚ изомериясы Изомерлер- құрамдары бірдей, бірақ құрылысы мен қасиеттері әртүрлі заттар. Изомерия құбылысы комплексті қосылыстарда өте кең таралған Гидраттық немесе сольватты изомерия су молекуласының комплекс құрамында әртүрлі орналасуынан болады.
[Сr(Н2О)6]Сl3,
күлгін түсті
[Сr(Н2O)5Сl]Сl 2*Н2O,
күлгін-жасыл
[Сr(Н2O)4Сl2]Сl *2Н2O
жасыл
Иондық изомерия аниондардың ішкі сфера мен сыртқы сфераға
әртүрлі таралуынан болады.
[Pt(NH3)3Br]NO2 және [Pt(NH3)3(NO2)]Вr
Координациялық изомерия – екі түрлі лигандтардың екі комплекс түзушінің айналасына әртүрлі жолмен координациялануынан болады.
[Co(NH3)6][Cr(C2O4)3] и [Cr(NH3)6][Co(C2O4)3 ]
Геометриялық изомерия – комплекс құрамында кем дегенде екі түрлі лиганд болғанда байқалады. Оптикалық айналы изомерлері -бұл изомер екі ұқсас құрылысты ассиметриялық комплекстердің болуына, айналы антитод болатын оңға поляризация жарығын жазықтың қарама – қарсы бағытта айналдыруға негізделген.
КҚ номенклатурасы 1962 жылы химиктердің Халықаралық Одағы (ІUPAC) ұсынған номенклатурасы қолданылады.
Теріс зарядты лигандтардың атауына «О» деген жалғау жалғанады СI- хлоро-, СN- циано-.
Электробейтарап лигандтар былай аталады: H2O–аква NH3-аммин CO-карбонил NO-нитрозил OH-гидроксо O-окси т.б.
Комплекс құрамындағы лигандтардың саны грек сан есімдерімен белгіленеді: ди (екі), три (үш), тетра(төрт), пента (бес), гекса (алты) т.б.
Классификациясы Комплекстер ішкі сферасының зарядына қарай катионды, анионды және бейтарап болып үш топқа бөлінеді. Катионды комплекстер орталық ионның айналасына бейтарап молекулалар ( NO, NH 3, H 2 O) координацияланғанда түзіледі. [Al(H ₂ O) ₆ ] Cl ₃ [Al(H ₂ O) ₆ ] ³⁺ + 3Clˉ Комплексті иондар оң зарядталған. Анионды комплекстерде комплекс түзушінің ролін оң зарядталған ион, ал лигандтар ролін аниондар атқарады. Бейтарап комплекстер атомының айналасында молекулалар координацияланғанда немесе оң зарядталған комплекс түзушінің айналасында анион мен молекулалар қатар координацияланғанда түзіледі. II. Лигандтың табиғаты бойынша КҚ бөледі: Аммиакаттар - КҚ ішікі сферасында лиганд ретінде NH 3 молекуласы бар. Аквакомплекстер - КҚ лигандттар су молекулалары болады. Гидроксолиттер - лигандалары ОН тобы: Ацидокомплекстері - лигандалары қышқыл қалдығы. Аралас комплекстер - лигандалары аралас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет