Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет30/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

39. «Урология және андрология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
126. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін интернатура.
129. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиария», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша хирургиялық бейінді интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде –1080 сағат/20 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
130. «Урология және андрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»;
«Урология және андрология мәселелері»;
«Уроонкология мәселелері»;
«Урогинекология мәселелері»;
«Балалар урологиясының мәселелері»;
«Шағынинвазиялы урология»;
«Уралогиядағы эндобейнехирургиялық араласу»;
«Урология және андрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Хирургиялық андрология»;
«Ерлер бедеулігі»;
«Эректилді дисфункция»;
«Оперативтік урологиядағы лазерлік технологиялар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет