1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;
3) емдеуші дәрігер - пациент медициналық ұйымда байқауда болған және емделген кезеңде оған медициналық көмек көрсететін дәрігер;
4) еңбек ету қабілетінен айырылу – қызметкердің жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінен айырылуы, оның дәрежесі айырылған еңбек ету қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетіледі;
5) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті;
14) МӘС – мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;
14) МӘС – мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;
15) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС мәселелері бойынша әдіснаманы және бақылауды, бақылау жүргізу бойынша қайта куәландыру, МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысына шағымдарды қарауды жүзеге асыратын бөлімі;
16) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі, бөлімі) – уәкілетті мемлекеттік органның МӘС жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
17) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
18) мүгедектігі бар бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам;
19) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау – мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; 20) мүгедектігі бар адамдарды оңалту – мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік және өзге қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;