бірінші дәреже – жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының нашарлауы, өздігінен жүріп-тұруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі эпикриздік мерзімге артта қалған. Дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу режимінің сақталуын талап етеді;
екінші дәреже – жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы. Қозғалыс кезінде ересектер тарапынан тұрақты көмек қажет. Денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру қабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеудің әдістері мен т.б. қосымша тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының өте айқын төмендеуі мен санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы байқалады;
үшінші дәреже – кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен манипулятивтік қызмет қабілетінің өте айқын шектелуі немесе толық болмауы. Қозғалыс функциясын сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік құралын (кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі тұрақты қосымша күтім қажет
Анықтамалар
Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама Справка о степени утраты общей трудоспособности серия №
Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама Справка о степени утраты профессиональной трудоспособности серия №
Зақым келген қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды Заключение о нуждаемости пострадавшего работника в дополнительных видах помощи и уходе серия №
Мүгедектік тағайындалмауы туралы хабарлама Извещение о не установлении инвалидности