Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін негіздер. Куәландыру (қайта куәландыру), сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі


жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін бір рет берілетін, себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат



бет5/25
Дата01.10.2024
өлшемі189,39 Kb.
#205488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
иөж Адия 1

жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін бір рет берілетін, себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат;

  • жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін бір рет берілетін, себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
  • қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат;
  • «Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен жағдайда қайта куәландыру кезінде куәландыратын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгерту туралы мәліметтер талап етіледі.
  • Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне №031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
  • Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

3-параграф. Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі

  • 10. Пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері немесе диспансердің емдеуші дәрігері, жарақат және ақаулардың салдарынан аурулар әсерінен тіршілік-тынысының шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде:
  • 1) МАЖ-да пациенттің деректерін:
  • ҚР ДСМ АЖ-дан «Бекітілген халық тіркеліміне» (бұдан әрі – БХТ) медициналық ұйым туралы мәліметтерді және пациентті тіркеу күні, әрекетке қабілеттілік мәртебесі, пациентті тіркеу мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері туралы мәліметтерді алу бөлігінде;
  • ҚР ДСМ АЖ-дан «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркеліміне» (бұдан әрі – ДНЭТ) пациент, АХЖ-10 коды бойынша тарихи деректермен және нозологиялармен «Д» есебіне қойылған күні туралы мәліметтер алу бөлігінде;
  • ҚР ДСМ АЖ-дан «Стационарлық науқастардың электрондық тізіліміне» (бұдан әрі – СНЭТ) емделген жағдай туралы мәліметтер алу бөлігінде;
  • МАБ-тан пациенттің немесе оның өкілінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысының нөмірін тіркеу туралы мәліметтерді алу бөлігінде интеграциялау арқылы тексеру жүргізеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет