2) пациентті сырттай проактивті куәландыруға (қайта куәландыруға) жіберілгені және мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау үшін қажетті дербес деректерді және пациенттің заңмен қорғалатын құпиясын құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісімі (бұдан әрі – келісім) туралы sms-хабарламаға жауап жіберу қажеттігі туралы хабардар етеді;

3) пациенттен немесе оның өкілінен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20495 болып тіркелген) бекітілген проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес келісу туралы жауап алады.
11. №031/е нысаны ДКК төрағасының ЭЦҚ-сы бекітілгеннен кейін мынадай талаптар сақталған кезде автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға жіберіледі:
11. №031/е нысаны ДКК төрағасының ЭЦҚ-сы бекітілгеннен кейін мынадай талаптар сақталған кезде автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға жіберіледі:
1) келісім туралы деректердің болуы және жауап жіберушінің ұялы телефон нөмірінің пациенттің немесе оның өкілінің ұялы телефон нөміріне сәйкес келуі;
3) аурудың бейіні мен пациенттің жасын ескере отырып, міндетті жолдарды толтыру;
4) диагноздың Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне (бұдан әрі – нозологиялық нысандар тізбесі) сәйкес келуі;
5) бір айдан асырмай МАЖ-дағы № 031/е нысанын қалыптастыру күні;
6) медициналық ұйым атауының БХТ деректеріне сәйкес келуі (диспансерлерді қоспағанда);
7) №031/е нысанында көрсетілген иесіздендірілген электрондық құжаттардың денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес қоса берілуі.