Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) мынадай құжаттарды:
организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, шағымдарын, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультацияларын;
МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды көзбе-көз тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.
МӘС сырттай проактивті форматта жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсету үшін келісімшарт негізінде МӘС тәуелсіз сарапшылары тартылады.
МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің отырыстарын өткізу барысы аудиобейнежазба құралдарын пайдалана отырып белгіленеді. Аудиобейнежазбалардың деректері МӘС жүргізілген күннен бастап кемінде 4 (төрт) ай сақталады.
Аудио бейнежазбаның көшірмелері талқылау және шешімдер қабылдау процесінің жазбаларын қоспағанда, куәландырылатын адамның (заңды тұлғаның) сұрау салуы бойынша беріледі.
18. МӘС сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.