Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Тақырып. Медициналық көмек көрсетудегі медициналық оқыс оқиғалардың құқықтық саралануы



бет17/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
6 Тақырып. Медициналық көмек көрсетудегі медициналық оқыс оқиғалардың құқықтық саралануы


Тақырып сұрақтары:
1. Медициналық оқыс оқиға: түсінігі, себептері.
2. Медициналық оқыс оқиғаны талдау.
3. Медициналық қызметтің (көмектің) сапасын сараптау жүргізу тәртібі.
4. Науқастарды емдеудің жағымсыз нәтижелеріне құқықтық баға беру.
5. Медициналық көмек көрсетудегі жазатайым оқиғалар.
Тапсырмалар:
1. Медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларын) айқындау, есепке алу және талдау тәртібін реттейтін Халық денсаулығы туралы кодекстің нормаларымен таңысыныздар (7-бап, 35-бап, 270-бап).
2. Медициналық оқыс оқиға жағдайларын (оқиғаларды) айқындау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-147/2020 бұйрығымен танысыңыздар.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен танысыңыздар.
4. Медициналық оқыс оқиғалардың нақты жағдайларына мысалдар келтіріңіз.
5. Ұсынылған кейстерді шешіңіз.


Кейс 1.
2015 жылдың шілдесінде Алматы қаласының тұрғыны Лидия Лыкова В.И. Дикулдың ғылыми жетекшілігімен «Ашық клиника» медициналық-оңалту орталығына жаяу жүргенде пайда болатын жамбас буынының ауырсынуына шағымданады. Клиника тірек-қимыл аппаратының ауруларын емдеуге мамандандырылған. Дәрігерлер науқасқа ақылы тексерулер кешенін жүргізуге және емдеуді тағайындауға уәде берді. Клиникадағы тексеру нәтижесінде пациентте «гипертонус» анықталды, оны дәрігерлер массаж және физиотерапия көмегімен емдеуге уәде берді. Пациент клиниканың депозитіне 87 мың тенге аударды. Бір жарым айдан кейін паиенттің жамбас буынының ауырсыну тоқтамады, керісінше күшейе түсті. Л.Лыкованың талабы бойынша оны орталықтың бас дәрігеріне қабылдауға жіберді. Пациентті тексеру барысында жамбас сүйегі мойнының сынуы анықталды. Қосымша МРТ арқылы тексеру анықталған диагнозды растады. Пациент шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, жалпы анестезиямен жамбас буынын алмастырды.
Науқастың бастапқыда жамбас сүйегі мойнының жарықшақ болған, ал емдік дене шынықтыру жамбас сүйегі мойнының сынуына себеп болған. Эндопротездеу боынша ота жасау, оңалту пациентке 394 мың тенге шығын әкелді. Клиниканың дәрігерлері диагнозды дұрыс анықтағандарын және объективті себептермен жамбаста жарықшақты таба алмайтындықтарын дәлелдеуге тырысты. Пациент дәрігерлердің сапасыз қызмет көрсеткенін дәлелдеу мақсатында медициналық сараптама өткізу туралы өтініш білдірді. Нәтижесінде дәрігерлер сапасыз қызмет көрсеткені дәлелденді.
Пациент Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына 600 мың тенгеден асатын шығындарды өтеу туралы талап арыз берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет