Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет5/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Бақылау сұрақтары

1. Қазақстандық медициналық қызметті заңнамалық реттеудің қалыптасуына талдау жасаныздар


2. КСРО-да денсаулық сақтауды реттейтін заңнаманың ерекшеліктерін атаныз.
3. ҚР тәуелсіздік алған уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін денсаулық сақтау саласында қандай мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылды?
4. Медициналық құқықтың қайнар көздерін атап өтініздер.
5. ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың құрамы, мақсаттары мен міндеттерін атап өтініз.
6. Медициналық кәсіптің этикалық қағидаларының, атап айтқанда, 1948 жылы Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың Бас Ассамблеясы қабылдаған Женева декларациясында бекітілген Гиппократ антының мәні неде?
7. Халықаралық құқықтық актілердің ұлттық заңнамада алатын орны?
8. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының қағидаттарының ішіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз қағидатын жүзеге асырылуына баға берініз


2 Тақырып. Медициналық құқық түсінігі, пәні және әдісі. Медициналық құқықтың қайнар көздері


Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Медициналық құқық - құқық саласы, ғылым және оқу пәні ретінде.
2. Медициналық құқық түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі.
3. Медициналық құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері және субъектілер құрамы.
4. Медициналық құқықтың жүйесі мен қайнар көздері.
5. Медициналық құқық қайнар көздерінің жіктелуі.
6. Денсаулық сақтау және медициналық көмек көрсету жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық құқықтық актілер.
Тапсырма:
1. Практикалық сабақта талқылау жүргізу үшін тақырып сұрақтарын зерттеңіз.
2. ҚР Конституциясының (1, 29, 31, 32-баптар) ҚР азаматтарының денсаулығын қорғауға қатысты ережелерін талдаңыз және «ҚР азаматтарының денсаулық сақтауға және медициналық көмекке құқығы» тақырыбына эссе дайындаңыз.
3. «Медициналық құқықықтық қатынастар пайда болуы, тоқтатылуы және субъектілер құрамы мен олардың құқықтық мәртебесі» бойынша презентация дайындаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет