«медициналық-профилактикалық іс» мамандығЫ Үшін дәрістер жинағЫ



бет16/23
Дата02.11.2023
өлшемі202,29 Kb.
#189117
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
МПФ-лекция-каз

Экзогенді химиялық канцерогендер (олардың өспе туындатудағы рөлін Персиваль Потт (1775), Ямагива және Ичикава (1913-1915) анықтады.
1. Көпорамды хош иісті көмірсутектер
2. Аминоазоқосындылар
3. Нитрозаминдер
4. Афлатоксиндер
5. жай химиялық қосындылар
6. Уретан, төртхлорлы көміртегі, эпоксидтер, пластмассалар.
II. Эндогенді канцерогендер (олардың өспе туындатудағы рөлін Л.М. Шабад (1937) анықтады)
Тирозин мен триптофанның туындылары, холестерин және оның өнімдері, еркін радикалдар және майлардың асқындары, азот тотығы (NO.), оның туындылары (пероксинитрит – ONOO-), көп мөлшердегі кейбір гормондар (эстрогендер).
Физикалық канцерогендер:

  • Иондаушы сәуле

  • Ультракүлгін сәуле

  • Ультракүлгін сәулелер пиримидиндік димерлердің түзілуін шақырып, ДНҚ-ны зақымдайды

  • Қайталанған күйіктер («кангри» рагы)

  • Қайталанған механикалық әсерлер (дұрыс салынбаған протездер).

Биологиялық канцерогендер – онковирустар (ДНҚ-лы, РНҚ-лы). Вирустардың өспе туындатудағы рөлін Раус зерттеді. Өспелердің вирусогендік теориясын құрушы - Л.А. Зильбер.
Өспе дамуының қауіп-қатер жайттары: шылым шегу, маскүнемдік, құнсыз тамақтану, промискуитет, қоршаған ортаның ластануы.
Өспе өсуінің патогенезі – канцерогенез.
Канцерогенез – гендік зақымданулардың жинақталуымен сипатталатын ұзақ үрдіс. Канцерогенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.
Инициация – сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы.
Инициация әртүрлі канцерогендердің әсерінен жасушаның көбеюін реттеп отыратын гендердің біреуінде мутация пайда болуымен сипатталады: онкогендердің белсенденуі (протоонкогеннің онкогенге айналуы), супрессор гендердің (антионкогендердің) әсерсізденуі, апоптозды реттейтін гендердің зақымдануы, ДНҚ репарация гендерінің зақымдануы.
Протоонкогендер – пролиферацияны күшейтетін гендер. Протоонкогендердің онкогендерге айналу механизмдері:

  • Протоонкогеннің нүктелік мутациясы

  • Протоонкогеннің транслокациясы

  • Протоонкогеннің амплификациясы – қалыпты жағдайда әсері аз протоонкогендер санының артуы

  • Промотордың қосылуы – қатар орналасқан гендерді әсерлейтін ДНҚ бөлшегі.

Промоция – өспе жасушасының көбеюі.
Прогрессия – өспе жасушаларының қатерлілігінің артуы.
Қатерлі және қатерсіз өспелерге тән биологиялық ерекшеліктер
1. Көбею атипиясы.
Реттелінбейтін, шексіз өсу (біріншілік, кезкелген түзілістерге тән басты белгі), жасушалардың шекті бөліну өлшемінің (Хейфлик шегі) жойылуы.
2. Морфологиялық атипия (жасушалық және тіндік).
Жетілу атипиясы – жасушалар жетілуінің толық немесе жартылай тоқтауы – анаплазия.
3. Биохимиялық атипия (өспе тініндегі зат алмасу ерекшеліктері).
4. Физикалық-химиялық атипия.
5. Антигендік атипия (антигендік қарапайымдану, антигендік күрделілену).
6. Функциялық атипия.
Қатерлі өспелерге тән биологиялық ерекшеліктер
1. Инфильтрациялық (инвазиялық) өсу – қатерлі өспелердің негізгі белгісі - өспе жасушаларының қоршаған тіндерге енуі.
Қатерсіз өспелерге сыртында қапшығы бар, қоршаған тінге енбей, экспансиялық өсу тән.
2. Метастаз тарату ( грекше Metastasis - ауысып отыру) – алғашқы өспе ошағынан өспе жасушаларының бөлініп әртүрлі ағзалар мен тіндерге ауысып қону үрдісі. Өспе жасушаларының метастазалану жолдары:
лимфогендік (жасушалардың лимфа тамырлары арқылы таралуы) – карциномаларға тән, гематогендік (қантамырлары арқылы) – саркомаларға тән.
гематолимфогендік, «қуыстық» (өспе жасушаларының дене қуыстарындағы сұйықтықтармен таралуы, мысалы жұлын сұйықтығымен), имплантациялық – өспе жасушаларының қатар жанасып жатқан ағзаға тікелей ауысуы.
Лимфогендік және гематогендік жолмен таралу сатылары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет