Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету қағидаттары:
ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралар кешенін жүргізумен қамтамасыз етілетін азаматтардың денсаулығын қорғауға, қолайлы мекендеу ортасына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтарын іске асыру;
қоршаған орта факторларының халық денсаулығына зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қызметтің алдын алу;
санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтамау салдарынан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар келтірген адам денсаулығына келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жариялылық.
оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қатер төндіретін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ( оның ішінде адам үшін мекендеу ортасы факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын) белгілейтін нормативтік құқықтық актілер.
Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс – шаралар-мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық аурулардың және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) туындауы мен таралуының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитариялық, ветеринариялық және өзге де шаралар.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті"
Қызмет бағыттары:
Қоғамдық денсаулықты қорғау
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты басқаруды және іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тамақ өнімдеріне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының санитариялық - эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік органдар, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары кіретін бірыңғай жүйені білдіреді.