№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің Қазақстан Республикасы
«Қазақстан халқы тілдері» күніне орай өткізілген «Мәңгілік Ел- мәңгілік тіл» атты апталықтың өтілу барысы жайында
МӘЛІМЕТ
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында мектебімізде қазақ және орыс, ағылшын тілдері бірлестігі 2019 жылдың 3-7 қыркүйек аралығында тілдер апталығын өткізді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Қартқожаев: «Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Бүгінгі өткізгелі отырған «Мәңгілік Ел- мәңгілік тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, тілім деп жүректері соғып тұрған жалынды жастарымыздың «Тіл мерекесіне» арнап дайындаған іс-шараларын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер»-деп. Апталық аясында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілетін іс-шаралар хабарландырылып, өтілу күні мен жауапты тұлғаларды таныстырып өтті.
Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тіліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарай отырып, ана тілімізді құрметтеп, үлгі етуге, дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Б.Медербаева мен Г.Сариева жоспарға сай ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушыларға ана тілімізге құрметпен қарап, қастерлеуді үлгі етіп сабақтарын жан-жақты, әсерлі өткізді.
Оқушылардың отанына, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қазақ тілі пән мұғалімі Тауекелова Сандуғаш 5-9 сыныптар арасында «Тіл- рухани қазына», «Тіл-тұйық ойдың кәусары» тақырыптарында шығармалар, эссе жазу байқауын өткізді. Нәтижесінде І,ІІ,ІІІ орындарға ие болған оқушылар марапатталды.
Апталық барысында Ешимбетова Райхан, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру, өз тілімізде мүдірмей анық та, айқын сөйлеуге дағдыландыру мақсатында , 8- 10 сыныптар арасында «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар тілге деген қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен қызықты өткізілді.
Орыс тілі мен ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Руский язык- язык дружбы», «Welcome to English» тақырыптарында сыныптан тыс сағаттар және «Тіл білгірі-2019» сайыс сабағын өткізді.
Апталық соңы қазақ тілі пән мұғалімдері: Утепова Марал мен Айтбаева Замираның ұйымдастыруымен «Туған тілің- түп қазығың, айбының» атты тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. Әдеби сазды кеш соңында мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Т.Қартқожаев қорытынды сөз сөйлеп, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға жеке-жеке тоқталып, апталықта белсенділік танытқан оқушыларды, жеңімпаз оқушыларды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады.Ал, 8- сынып оқушы болса, домбырамен күмбірлетіп күй тартып, қазақтың қара домбырысының құдіреттілігімен көрермен қауымын таңқалдырса, сондай-ақ өзге де оқушылар шығарған арнау өлеңімен еліне, туған тіліне деген сүйіспеншілігін жеткізді.
Егеменді ел болғандағы ұлы мақсаттарымыздың бірі қазақ халқының ұлттық құндылығының жоғары болуы еді. Ендеше осы мақсатта ары қарай жұмыс жасау барлық қазақстандықтардың міндеті екенін әр-бір тұлға ұмытпаса игі еді.
Түйіндей келе, біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі ойдағыдай болды. Апталық жоғары деңгейде өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі: Сариева Гулнур Жаксыликовна
Достарыңызбен бөлісу: |