ОББӨЖ-дің функциялары
Орталық Азия Инновациялық Университетінде оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы аудиторияда жүргізіледі. ОББӨЖ-дің аудиториялық формасы студенттердің оқулықпен және электронды материалдармен жұмысын, топтық тапсырманы орындауды, тапсырма шеңберіндегі жеке аналитикалық қызметті қамтиды.
ОББӨЖ келесі функцияларды орындайды: кеңес беру және бақылау.
Кеңес беру функциясы:
білім алушыға әр пән бойынша өзіндік жұмыста көмек көрсету;
білім алушыға бағдарламалық материалды игеру үшін қажетті жұмыс әдістерін таңдауға көмектесу;
күрделі тақырыптың түсіндірмесін қайта тыңдауға, оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік жасау;
білім алушының ғылыми саладағы өзіндік жұмысына көмек.
ОББӨЖ-дің бақылау функциясы білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін олардың білімін ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау барысында жүзеге асырылады. ОББӨЖ барысында білім алушы бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады, оқытушымен кеңеседі.
ОББӨЖ әр пән бойынша күні, уақыты, аудиториясы және оқытушылары көрсетілген кестеге сәйкес барлық академиялық кезең бойында өткізіледі. ОББӨЖ шеңберіндегі сабақтардың кеңес беруші және интерактивті нысандары болуы мүмкін, олардың арақатынасы оқытылатын пәннің күрделілігімен, оны оқуға бөлінген аудиториялық сағаттардың көлемімен, білім алушылардың дайындық деңгейімен анықталады.
ОББӨЖ шеңберіндегі сабақтар ағымдағы рейтингісі төмен, қосымша кеңес алғысы келетін, пән бойынша алынған тапсырмаларды орындау кезінде қиындық туындайтын білім алушыларға арналған.
Оқытушы білім алушылардың ағымдағы рейтингісін басшылыққа ала отырып, ОББӨЖ шеңберінде сабаққа қатысушылардың құрамын үйлестіруі тиіс.
ОББӨЖ мазмұны
ОББӨЖ тапсырмасы №1
Достарыңызбен бөлісу: |