«Механика» бойынша дәрістер курсы. Материялық нүктенің қозғалысы



бет4/33
Дата22.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#127632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
«Механика» бойынша д рістер курсы. Материялы н ктені оз алысы

Ньютон заңы. Масса және күш

Өткен жолы біз денелередің қозғалысын сол қозғалысыт тудырушы себептерін қарастырдық. Механиканың бұл бөлімін кинематика дейді. Енді денелердің қозғалысын оны тудырушы себептерімен бірге қарастыратын боламыз. Механиканың бұл бөлігін динамика дейді.

Динамиканың негізгі заңдары 18 ғасырдың 80-жылдары ағылшын ғалымы Ньютонмен тұжырымдалды. Бұл үшін ол адамзаттың ғасырлар бойы айтылған тәжірибелерді пайдаланды.

Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп аталады. Барлық денелер басқа денлердің әсері болмайынша өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Тәжірибе әртүрлі денелердің бірдей әсер ету жағдайында әртүрлі жылдамдыққа және әртүрлі үдеуге ие болатындығын көрсетті. Бұл денелердің ең негізгі қасиеті массаға байланысты екендігін білдіреді. Сондықтан массаны инерттіліктің өлшеуіші деп санайды. Екінші жағынан массаның гравитациялық қасиеті де бар. Бұл жағдайда массаны тартылысытң өлшеуіші деп те атайды.

Денелердің массасы еркін таңдалып алынған эталондық дененің массасымен салыстыру жолымен анықталады. Халықаралық келісім бойынша мұндай эталон платинаиридиілік цилинрдің массасы. Ол Парижде сақталған. Оны 1 кг деп қабылдаған. Оның мыңнан бір үлесін грамм (г) дейді.

Бір дененің екінші денеге тигізетін әсері сол дененің күйін өзгертеді. Бұл әсер күш деген ұғымға ие болады. Тәжірибе әртүрлі күштердің әсерінен бір дене әртүрлі күштердің әсерінен бір дене әртүрлі үдеу алатындығын көрсетті.

Ньютонның екінші заңы. F күшінің әсерінен дененің алған үдеуі күш бағытымен бірдей бағытталған, ал шама жағынан сол күшке тура, дененің массасына кері пропорционал болады.



, бұдан (1)

СИ жүйесінде күш Ньютонмен өлшенеді.

1Н=1кг∙1м/с2

Ньютонның үшінші заңы. Өзара әсерлеуші екі дене бір-біріне шама жағына тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әсер етеді.



(2)

Ньютон заңдарының негізінде күш түсінігіне анықтама беруге болады.

Күш дегеніміз денелердің өзара әсерін және осы әсер нәтижесінде дененің үдеу алатындығын сипаттайтын физикалық шама.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет