Механикадан



Pdf көрінісі
бет20/52
Дата10.04.2023
өлшемі3,47 Mb.
#174094
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Байланысты:
5 Зертханалық жұмыс, Линзалар
8.5
 
 Ауырлық центрін анықтау әдістері 
Дене ауырлық центрінің координаттарын анықтау тәсілдері төмендегіден тұрады: 
1. Симметрия тәсілі.
Егер дене симметрия жазықтығына, симметрия өсіне, симметрия 
центріне ие болса, оның ауырлық центрі сәйкес симметрия жазықтығында, өсінде, 
центрінде жатады. 
2. Бөлу тәсілі.
Егер денені ауырлық центрі белгілі болған шекті бөліктерге бөлу мүмкін 
болса, (7.9), (7.11), (7.13) формулалардан пайдаланып, дене ауырлық центрінің 
координаттары анықталады. 
3. Толықтыру тәсілі.
Бұл жағдайда денені ауырлық центрі белгілі болған шекті 
бөліктермен толықтырылады, соң (7.9), (7.11), (7.13) формулалар көмегімен дене ауырлық 
центрінің координаттары табылады. 
4. Интегралдау тәсілі.
Егер жоғарыдағы тәсілдерді қолдану мүмкін болмаса, денеден 
элементар бөлік бөліп алынады. Бұл жағдайда (7.9) төмендегідей болады: 


Бұдан 
-ларды нөлге ұмтылдырып шекке өтсек, жоғарыдағы келтірілген формуланың 
алымдары дене көлемі бойынша таралған интегралды, ал бөлімдері дене көлемін береді: 
(7.14) 
(7.11) және (7.13) ты төмендегідей жазуға болады: 
(7.15) 
(7.16) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


II БӨЛІМ. КИНЕМАТИКА 
 
Дененің уақыт өтуімен бірге өзінің орнын берілген бір санақ жүйесіне қатысты үздіксіз 
түрде өзгертуін механикалық қозғалыс делінеді. 
Кинематикада
дене қозғалысы тек геометриялық тұрғыдан, яғни оған әсер ететін күштер 
назарға алынбай зерттеледі. Қозғалыс ұғымы кеңістік, уақыт және қозғалыстағы дене 
ұғымдарына байланысты. Кез келген уақытта дененің кеңістіктегі орнын анықтау мүмкін 
болғанда ғана оның қозғалысы белгілі болады. Механикада кеңістікті үш өлшемді деп 
қарастырады. Уақыт ешқандай санау жүйесіне байланысты емес, кезкелген жүйе үшін 
бірдей және қозғалыстың салыстырмалылығына байланысты емес деп қарастырылады. 
Оны үздіксіз және өзі айнымалы деп, t мен белгілейді. Халықаралық (СИ) жүйесінде 
уақыт өлшем бірлігі секунд ал, қашықтық өлшем бірлігі метр деп қабылданған. 
Сонымен қатар теориялық механикада материялық (заттық) денелердің немесе 
нүктелердің механикалық қозғалыстары зерттелетін болғандықтан біз әр жолы 
материялық деген сөзді қайталай беруді жөн көрмедік. 
Қозғалып бара жатқан нүктенің кеңістікте қалдыратын ізі 
траектория
деп аталады. 
Траектория түзуден тұратын болса
түзу сызықты қозғалыс
, қисық сызықтан тұратын 
болса, 
қисық сызықты қозғалыс
делінеді. Егер таңдалған санақ жүйесіне қатысты 
нүктенің орнын анықтау тәсілі көрсетілген болса, нүкте қозғалысы берілген деп 
есептелінеді. 
Материялық нүкте қозғалысы 4 тәсілмен беріледі: 
1) векторлық;
2) координаталық;
3) табиғи;
4) полярлық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет