ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ғ. ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғарыштық инженерия кафедрасы
ФИЗИКА
Пәні бойынша
СӨЖ №1
Тақырыбы: Механикалық күштер және олардың түрлері
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Кемелбек Мәді
Тобы: АУк 20-5
Қабылдаған: аға оқытуышы Сыздыкова Р.Н.
Алматы 2021ж.
Механикалық күштер және олардың түрлері
Күш – материалдық нүктеге немесе денеге басқа немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекетінің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама. Күштің шамасын динамометр деп аталатын құралдың көмегімен өлшейді.
Ньютон ( 3 заңы) және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын тұжырымдамалары мен өрнектері.
Ньютонның бірінші заңы
«Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзі сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды». Біздің дәуірімізге дейін 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептеді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірибелері негізінде Аристотельмен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйңн сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл қарапайым инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.
Ньютонның екінші заңы
« Дененің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі түсірілген күшке пропорцонал және ол күшпен бағыттас болады». Қарапайым бақылаулар, егер әр түрлі денелерге бірдей күшпен әрекет жасаса, олардың түрліше үдеу алатынын көрсетеді. Ньтонның екінші заңының тұжырымдамасы: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал. Ньютонның екінші заңының формуласы:
F = ma
Ньютонның үшінші заңы
Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір – біріне әрекер етуші күштері модулі боынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы:
F= -F
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның татылыс заңы – кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 жылы шыққан «Натурал философияның математикалық негіздері» деген еңбегінде баяндалған. Тұжырымдамасы: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына кері пропорционал кұшпен тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |