Гармоникалық тербелістер — физикалық (немесе кез келген басқа) шамасы уақыт өтісімен синусоидалы немесе косинусоидалы заңдылықтар бойынша өзгеріп тұратын тербелістер. Тербеліп тұрған нүктенің ауытқуына пропорционал және осы ауытқуға қарама-қарсы бағытталған күштер әсерінен туындайтын тербелістер гармоникалық болып табылады. X(t)=Asin(wt+φ) мұндағы х — уақыттың t моментіндегі тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы; А — тербеліс амплитудасы - тербеліп тұрған нүктенің тепе-теңдік жағдайынан максимал ауытқуын көрсететін шама; ω — циклдік жиілік, 2π секунд ішіндегі болатын толық тербелістердің санын көрсететін шама; {\displaystyle (\omega t+\varphi )}wt+φ— толық тербеліс фазасы, {\displaystyle \varphi } φ— бастапқы тербеліс фазасы.