Механиканың физикалық негіздері Материялық нүктенің қозғалысының кинематикалық сипаттамасы


Қатты дененің динамикасының негізгі есебін шешу әдістері



бет5/19
Дата03.04.2023
өлшемі1 Mb.
#173579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
семинар (практика)

Қатты дененің динамикасының негізгі есебін шешу әдістері

3.1.Массасы m=12кг, диаметрі D=30см жұқа қабырғалы цилиндр (мұндағыА=4рад В=-2рад/с, С=0,2рад/с²) теңдеуіне сәйкес айналады. Уақыттың t=3с сәтіндегі цилиндрге әсер етуші күш моментін табыңыздар.


[0,97 Нм]
3.2.Диаметрі D=60см маховикке шнур оралып, оның ұшына массасы m=2кг жүк ілінген. Егер маховик жүктің ауырлық күшінің әсерімен t=3c ішінде бұрыштық жылдамдыққа ие болса, маховиктің инерция моментін J анықтаңыз.
[1,78 кгм2]
3.3.Құбырдың жуандау бөлігінде мұнай 2м/с жылдамдақпен ағады. Құбырдың жуан бөлігі мен жінішке бөлігі қысымдарының айырымы 50мм сын. бағ. Құбырдың жіңішке бөлігінде мұнайдың ағу жылдамдығын табындар.
[4,33м/с]
3.4.Ұзындығы 1м және салмағы 0,5кг біртекті стержень вертикаль жазықтықта стерженьнің ортасынан отетін горизонталь осьті айналады. Егер айналдырушы момент -ге тең болса,стержень қандай бұрыштық жылдамдықпен айналар еді?

3.5.Радиусы 0,2м жане салмағы Р=5кг біртекті дискі, оның центрінен отетін осьті айналады. Дискінің тәуелсіздігі W=A+Bt теңдеуімен берілген, мұндағы B=8рад/сек2. Дискінің құрсауына түсірілген жанама күштің шамасы табу керек. Үйкеліс есепке алынбайды.

3.6.Инерция моменті -ге тең маховик W=31.4 рад/сек тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Маховикті t=20сек ішінде тоқтататын М тежеуіш моментін табу керек.

3.7.Қабырғаға перпендикуляр соққан жел, оған 200Па қысым түсіреді. Ауаның тығыздығы 1,29 км/м3. Желдің жылдамдығын табыңдар.

3.8. Ыдысқа су құйылып тұр, ал 1сек ішінде құйылған судың мөлшері 0,2л. Ыдыстың ішіндегі суды h=8.3-ге тең түрақты деңгейге тұру үшін ыдыстың түбіндегі тесіктің диаметрі d қандай болу керек?




Үй тапсырмасы

1. Радиусы 0,5м және массасы m=50кг, дискі формалы дөңгелектің құрсауына 10кг тең жанама күш түсірілген. Мыналарды, 1) дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын, 2) күш әсер ете бастағанынан қанша уақыттан кейін дөңгелектің жылдамдығы 100айн/сек болатындығын табу керек.



2. Радиусы барабанға, ұшында салмағы Р1=10кг жүгі бар жіп оралған. Егер жүктің төмен түсу үдеуі а=2,04м/сек2 болса, онда барабанның инерция моменті қандай болады?



3. Ұзындығы 85см біртекті стержень, стерженьнің жоғарғы ұшынан өтетін горизонталь оське ілінген. Стержень осьті толық айналып шығу үшін, оның төменгі үшының ең кіші жылдамдығы қандай болу керек?

4. Қандай биіктікте субұрқақ (фонтан) ағысының көлденең қимасының ауданы түтіктің су ағып шығатын ұшының ауданынан 5 есе үлкен? Түтік ұшындағы судың жылдамдығы 10 м/с.

5. 1м биіктікке дейін су толтырған бак 10см биіктікте оқпен тесілген. Бактан су қандай қашықтыққа дейін атқылайды? Ағын максимал қашықтыққа жету үшін бақты қай жерінен тесу керек еді?

6. Трубаның көлденең қимасынан жарты сағат ішінде 0,51кг көмірқышқыл газы ағып өтеді деп, осы газдың трубадан ағу жылдамдығын табу керек. Газдың тығыздығы 7,5г/м3 деп аламыз. Трубаның диаметрі 2 см-ге тең.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет