«Үшін» циклі: цб, үшін, дан (-ден, -тан, -тен, -нан, -нен) немесе бастап, дейін, қадам, келесі, цс
және, немесе, емес
құрама шарттар
мән;
-өту n;
-егер Р өту n (Р-шарт)
функция (айнымалы), мұндағы өту n және егер Р өту n - басқарушы операторлар. Өту n сөзсіз (шартсыз) өту операторы, алгоритм командаларының орындалу ретін тоқтатып, келесі орындалуды n-жолға беру жөніндегі нұсқау.
Алгоритмге түрлі шамалардың енуі де мүмкін.Әр шаманың аты, мәні, типі бар. Аты – айнымалы шаманың белгіленуі, типі – сандық (бүтін, нақты), символдық, кестелік, литерлік, логикалық болуы мүмкін,
Блок схемалық түріндегі алгоритм логикалық құрылысы жағынан сызықтық, тармақталған және циклдi болып бөлінедi.
Бағдарламалау тіліндегі алгоритм – бұл қандай да бір арнаулы бағдарламалау тілінде жазылған алгоритмді орындаушы компьютер болғанда жүзеге асады. Бағдарламалау тілінің операторлары – амалды орындауға компьютерге берілген тапсырманың алгоритмі.
Қазіргі таңда көптеген бағдарламалау тілдері бар: Qbasic, Turbo Pasсal және т.б.
Өңделетін ақпараттың күрделі болып келуі де мүмкін. Оны өңдеу алгоритмдік, проектілік (жобалық) тәсілдермен орындалуы мүмкін. Алгоритмді (не сәйкес келетін бағдарламаны) түрлі жолдармен құра беруге болады, бірақ ыңғайлы болатын ең түсінікті тәсілді таңдап алған дұрыс. Мұндай тәсілдердің бірі – бағдарлама тиянақталған түрлі ішкі бөліктерге бөлініп алынады да, бөліктер бөлек-бөлек құрылып, негізгі бағдарламаға біріктіріледі. Мұндай бөліктерді бағдарлама модульдері деп атайды. Бағдарламалаудың ыңғайлы тәсілдерінің бірі – модульдерді көмекші (ішкі) бағдарламалар ретінде құру және оларды ретімен орындалатын етіп, жоғарыдан төмен қарай бағдарламалау.
Алгоритм құрудың бұдан да бөлек көптеген тәсілдері бар; жоғарылау, кейін қайту, рекурсивтік тәсіл.
Жоғарылау тәсілінде алгоритм алдымен есептің бастапқы шешімін дайындаудан басталады. Одан әрі, есептің дәл шешімін табуға бағытталған арнайы блоктарға жоғары көтеріледі. Одан да көтерілу жағдайы болмаса, алгоритмді орындау тоқтатылады. Жоғарылау тәсіліне қарапайым мысал ретінде төменде жоғары оқу орнының құрылымдық схемасы көрсетілген (1-сурет).
Мұндай құрылымды жоғары немесе төмен бағытталған тәсіл бойынша дайындау қиын емес.
Төмендеу әдістерінің бірі – алгоритм (бағдарлама) құруда мұрагерлік тәсілін пайдалану. Мұрагерлік – бағдарламада негізгі класс типінің туынды иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы, жануарлар дүниесі – негізгі класс, иерархиялық түрде – құс, балық, жерде жүретін жануарлар болып түр-түрге (туынды кластарға) бөлінеді. Мысалы, қарлығашты сипаттау керек болса, оның жеке қасиеттері – жақсы ұшады, денесі ықшам және т.б. – сипатталуы тиіс.
Деректерді белгілі бір абстракциялы түрде көрсетіп, кластарды пайдаланатын модульдік бағдарламалау тәсілі – объектілі-бағдарлы бағдарламалау (ОБП) тәсілі деп аталады.Қазіргі кезде кең тараған ОБП тілдері: Visual Basic, Delphi, Borland C, C++ for Windows, Java және т.б. ОБП тілінің дәстүрлі бағдарламалау тілдерінен өзгешелігі – онда мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, өңдеу әдісі (әдіс), объект қасиеті және оқиға.