Алгоритмнің берілу тәсілдері.
Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:
*табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;
*графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;
*алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;
*бағдарламалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы бағдарламалау тілінің командалары.
Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:
*алгоритмдік тілде;
*блок-схема түрінде;
*бағдарламалау тілінде.
Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.
Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды бағдарламалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары:
-
А,В,С,..., А,Б,С,..., а,б,с,... – латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері;
|
0,1,2,3,... – ондық санау жүйесінің цифрлары;
|
*, /, +, - арифметикалық амал таңбалары;
|
** - дәрежелеу белгісі;
|
sqrt(x) – х-тің квадрат түбірі;
|
abs(x) – х-тің абсолют шамасы;
|
>, >=, =, <, <=, <> - - қатынас таңбалары;
|
:= - меншіктеу белгісі;
|
. – нүкте т.б.
|
Алгоритмдік тілдің алфавитінде, мағынасы мен қолдану тәсіліне алдын ала түсініктеме беріліп қойылған, қызметші сөздер деп аталатын стандартты символдар тіркестері де бар. Кейбір қызметші сөздерді атап көрсете кетейік:
Достарыңызбен бөлісу: |