Қысқаша теориялық мәліметтер Оқытудың компьютерлік технологиясы -бұл компьютердің көмегімен, жүзеге асырылатын, оқушыларға қажетті ақпаратты дайындау процесі.
Қашықтықтан оқыту – оқытушы мен оқушы кеңістікте бөлінген жағдайда, қашықтықтан оқыту. Бұл ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолданып, қашықтықтан оқытудың жаңа формасы.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқыту – оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология болып табылады.