"Білім берудегі инновациялық технологиялар" пәнінің мақсаты білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие міндеттерін жаңаша тұрғыда шешу, білім берудің педагогикалық технологияларын жобалау саласында жүйелі теориялық және әдістемелік білім мен іскерлікті қалыптастыру болып табылады.
Міндеттер: - студенттердің педагогикалық технология феноменін түсіну арқылы кәсіби білім беруді қалыптастыру;
- студенттерді инновациялық технологияларды педагогикалық процесте қолдану жағдайлары мен мүмкіндіктерімен таныстыру;
- оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолданудың негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеруту;
- инновациялық технологияларды педагогикалық процесте қолдануды үйрете отырып, студенттердің әдістемелік шығармашылығын дамыту мен әмбебап, жалпы педагогикалық, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.