1. Пәннің сипаттамасы "Білім берудегі инновациялық технологиялар" пәні "6B01201 Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу, 6B01302 Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі, 6B01303 Педагогика және психология, 6B01501 Информатика, 6B01502 Биология, 6B01503 Химия, 6B01505 Физика, 6B01511 Математика» білім бағдарламаларының педагогикалық пәндер модуліне жатады.
"Білім берудегі инновациялық технологиялар" пәнінің курсы студенттерде әртүрлі білім беру технологиялары туралы негізгі түсініктер қалыптастырады. Техникалық және адами ресурстарды, олардың өзара біріккен іс-әрекеті негізінде жаңаша білім берудің процесін құруды, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы студенттердің жүйелі тәсілдемелер арқылы білімін қарастырады. Студенттер инновациялық технологиялар арқылы міндеті білім беру нысандарын оңтайландыруды игереді.
Курс білім берудегі инновациялық технологиялардың ерекшелігі мен олардың білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процеске бейімдеу жайлы студенттерде білімдерді қалыптастырады.