Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет100/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Омарқожаұлы Н., Абдрахманов С. Мал азықтандыруды ұйымдастыру және 
бақылау. – Алматы: Бастау, 2016.
2. Kazhgaliyev N., Shurkin A., Bekkozhin A., Aubakirov Zh., Zumagazieva S. Growth
and development of crossbred bulls obtained by breed transformation in the northern region of 
Kazakhstan // Bioscience Research. – 2019. ¬– V.16 (2). – P. 1412-1422.
ЭмбРионДаРДы тРансплантациялауДың Өзектілігі
Қуаныш Ербота, 2-курс магистранты
С. Амантай, PhD, аға оқытушы
 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазіргі уақытта мал тұқымдарын жетілдірудің негізгі биотехникалық әдісі жоғары 
санаттағы тұқымдық бұқаларды пайдалана отырып қолдан ұрықтандыру болып табы-
лады. Ірі қара мал бір ұрықты жануарларға жататындықтан, бір сиырдан негізінен жы-
лына бір бұзау алынады. Сонымен қатар сиырлардың аналық безінде дамытуға дайын 
жүздеген, мыңдаған ұрық клеткалары болады. Соңғы отыз жылда жануарлардың көбею 
биологиясы саласындағы білімнің дамуы жануарларды өсірудің жаңа дәстүрлі емес 
биотехникалық әдісін – эмбриондарды трансплантациялау әдісін әзірлеуге мүмкіндік 
берді.
Ірі қара малдардың эмбриондарын ауыстырып отырғызумен айналысқан Еуропадағы 
бірінші ел- Дания Эмбриондарды транплантациялау технологиясындағы жоғары 
жетістікке 1983 жылы Франция жетті. Осы жылдың өзінде 3,3 мың эмбрион ауыстыры-
лып отырызылған. Оның көпшілігі мал шаруашылығы фермалар жағдайында жүргізіліп, 
мыңнан жоғары эмбриондар мұздатылып, сақтауға дайындатылған. Осы кезде бұл елде 
практикалық жұмыстармен қатар ғылыми зерттеулер өріс алған тоғыз транплантациялық 
орталықтар жұмыс істей бастады. Бірқатар жетілдірулердің арқасында, эмбриондарды 
трансплантациялау қолдан ұрықтандыру әдісі сияқты қарапайым және қолайлы әдіс бола 
бастады [1].
А.Д. Бугоров және Н.А.Невинный эмбриондарды трансплантациялау АҚШ және Кана-
да да іс жүзінде қарқынды дами бастады, өйткені бұл елдерде жылына 100 мыңнан астам 
эмбрион ауыстырылып отырылғызылды. 1986 жылдың өзінде-ақ мүізді ірі қараларды 
қолдан ұрықтандыру орталықтарында мыңнан аса трансплантант бұқалар алынған [2].
Қазақстанда бірінші болып эмбриондарды трансплантациялау бойынша 
тәжірбиелерді Ф.М. Мухамедгалиев және Р.Т. Абильдиновтар жүргізді [3]. Олар 1964 
жылдың күзінде қойлардың эмбриондарын ауыстырып отырғызудың хирургиялық опе-
рация тәсілін меңгеру үшін алдын-ала тәжірбие жасаған. Осы мақсатта қазақы биязы 
жүнді қойлардың 10 эмбрионы қылшық жүнді тұқымды 10 саулыққа ауыстырылып 
отырызылған, нітижесінде екеуі буаз болған. Қазақ қаракөл ғылыми зерттеу институтын-
да қаракөл қойларының эмброндарын трансплантацялау тәсілі 1986 жылы басталып, 
1990-1995 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында «Шу» со-
вхозында селекция және эмбриондарды трансплантациялау әдістемелерін қолдана оты-
рып жаңа елтірі, етті-майлы атырау қой тұқымының шу популяциясын құрды.[4,5,6].
Эмбриондарды трансплантациялау-жоғары құнды мал басын айтарлықтай ұлғайта 
отырып, генетикалық қасиеттері жақсартылған ұрпақтарды алуға мүмкіндік беретін 
жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапасын жақсартудың прогрессивті әдісі. 
Ұрықтандырылған аналық жасушаларды (зиготалар, эмбриондар) генетикалық құнды си-
ырдан, ұрықтандырғаннан кейінгі жетінші күні эмбрион жатыр қабырғасына бекітілгенге 


231
дейін алады. Эмбрионды «суррогат ене» ретінде қызмет ететін және құнды тұқымдық 
қасиеттері жоқ сиыр-реципиент жатыр ішіне отырғызады. Егер қайта отырғызу нәтижелі 
болса және эмбрион тірі болса, онда буаздықтың бірнеше айы өткеннен кейін жарыққа 
реципиенттен өзінің генетикалық әлеуеті бойынша едәуір асып түсетін жаңа туған мал 
пайда болады. [7,8].
Эмбриондар тасымалдау (трансплантация) қолдан ұрықтандыру әдістерінің жа-
салынып, оның мал шаруашылығы саласында қолданылуы малдардың генетика-
сын жақсартуда үлкен мүмкіндіктер берді. Осы әдіс арқылы ұрықты қатырып ұзақ 
мерзімде сақтау тәсілдерін пайдалану, бір аталықтан жылына он мыңдаған ұрпақ алуға 
қол жеткіздірді. Бұл әдіс мал шаруашылығында жақсартушы аталықтарды молынан 
пайдалануға жағдай туғызады. Ұрғашы малдардың көбею қабілеттіліктеріне тоқталатын 
болсақ, дәстүрлі жолмен бір аналықтан оның өмір сүру мерзімдері ішінде бірнеше ғана 
ұрпақ ала алатынымыз белгілі. Ұрғашы малдардың көбею қабілеттіліктерінің төмендігі 
мен ұрпақтар сабақтастықтары арасының ұзақтығы (ірі қара малында ұрпақтың келесі 
төлдеуі үшін 6-7 жыл қажет болады), генетикалық үдерістердің мүмкіндіктерін шектейді. 
Осы мәселені ғалымдар эмбрион тасымалдау (трансплантация) әдісін қолдану арқылы 
табысты шешуге болады деп есептейді. Бұл әдістің басты мәні – генетикалық тұрғыдан 
аса бағалы малды буаздық мерзіміне және емізулі кезеңдеріне кететін уақыттардан бо-
сату болып табылады. Сонымен бірге, олардан аналық жұмыртқасының көп бөлінуін 
ынталандырып, ұрықтандырылғаннан кейін ерте дернәсіл (зародыш) кезінде сорып 
(шайып) алып, генетикалық жағынан құндылығы төмендеу реципиент малдардың жа-
тырына отырғызады. Эмбриондар тасымалдау әдісін қолдану қажеттілігі жануарлардың 
келесідей биологиялық ерекшеліктерін пайдалануға негізделеді: 
1. Ұрғашы малдардың жұмыртқа бездерінде көптеген ооциттердің болуы. 
2. Ұрықтанатын орыннан (фаллопий түтігінің ампуласы) имплантацияланатын (жа-
тыр) орынға бекуге дейінгі имплантация алдындық еркін дамуы. 
3. Эмбриондарды шайып алуға мүмкіндік беретін көбею мүшелерінің морфологиялық 
құрылысы. 
Эмбриондар тасымалдау технологиясы орындалуы барысында келесі кезеңдерден 
тұрады: – суперовуляцияны ынталандыру (шақыру); – донор малды қолдан ұрықтандыру; 
– эмбриондарды шайып алу (хирургиялық және хирургиялық араласусыз әдістер арқылы) 
, – эмбриондардың сапасын in vitro жағдайында бағалау; – эмбриондарды қысқа не ұзақ 
мерзімге сақтау; – эмбриондарды басқа малға (реципиентке) отырғызу
Жалпы трансплантация технологиясының ең басты құрамды бөлігінің бірі донор — 
аналықтардан толыққанды эмбриондарды алу. Мал шаруашылығындағы эмбриондар 
трансплантациясы – бұл мал көбейтудің биотехнологиялық әдісі. Мұндайда суперовуля-
ция жасалып донор-аналықтардан максимум тіршілікке қабілетті эмбриондар алынады. 
Ол эмбриондар реципиент аналықтардың гениталийіне салынады.
Көбейту биотехнологиясында эмбриондарды трансплантация жолымен әдісі бірнеше 
деңгейге жүргізіледі:
Іс жүзінде қолдануға тиімді эмбриондарды трансплантациялау әдістерін ойлап табу;
Мал шаруашылығындағы эмбриодақылдық зерттеулер жүргізу;
Мал шаруашылығындағы эмбрионженерлік зерттеулер жүргізу. 
Мал шаруашылығындағы эмбриондарды трансплантациялаудың мақсаты – генотипті 
өте жоғары мал басын жеделдете көбейту.
Трансплантация әдісінің мәнін былай түсінеміз – донор – аналықтарға гормональ әсер 
етіп суперовуляция жасау, оларды күйге келген кезде ұрықтандыру, ұрықтанған жұмыртқа 
клеткасын гениталь аппараттарынан алу, эмбриокультураль және эмбриоинженерлік зерт-
теулер жүргізуі (культивациялау, бағалау, селекция және тіршілікке қабілетті сұрыптап 
теріп алу), одан әрі оларды реципиенттер гениталийіне алмастыру. 
Ғасыр жетістегіндегі биотехнологияны қорытындылай келе донор, эмбрион, ре-


232
ципиент және трансплантаттардың әсерлесуі транспланттаттың тууына байланысты. 
Биотехнологияының арасында тірі организмнің биохимиялық және генетикалық қасиетін 
іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік туады. Сондықтан да биотехнологиядағы прогрессив 
идеялар биологиядағы тірі клеткада жүретін механизмдерді түсіну үшін жүргізілетін 
фундаменталь зерттеулер мен қатар, биологиялық техникалар дамуы мен де тікелей бай-
ланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет