Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет9/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Исанова Г. Т., Абудувайли Дж., Мамутов Ж. У., Қалдыбаев А. А., Сапаров Г. А., 
Базарбаева А. Тұздалған топырақ және Қазақстанда тұздардың жиналу облыстарын 
анықтау. Thomson Reuters. 2017. – Б. 243-250 баспасы.
2. Үмбетаев И. Қазақстанның мақта егетін аймақтарындағы суармалы егіншіліктің 
ғылыми негізделген жүйесі. – Алматы: Print-S, 2011. – б. 268.


18
солтҮстік ҚазаҚстанның ҚҰРғаҚ Далалы аймағынДа ҚонаҚ 
ЖҮгеРі соРттаРын таза Жəне ноҚатпен Қоспа егістігінДе кӨп 
балауса ӨнімДілігі Жəне малазыҚтыҚ ҚоРектілігі бойынша 
салыстыРмалы бағалау
С.С. Арыстангулов, а.ш.ғ.к., доцент
М.Н. Сертек, а.ш.ғ., магистрі
Нұр-Сұлтан қ., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Елімізде мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты толықтай қанағаттандыру 
үшін, аталған саланы мол, берік және қоректілігі жағынан теңгерімді жемшөп қорымен 
қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені құрғақ далалы аймақта шешу үшін, құрғақшылық пен 
тұзға төзімді жемшөп дақылдарын өндіріске кеңінен енгізу керек. Сондай дақылдардың 
бірі – қонақ жүгері, басқа қоңырбас тұқымдастармен салыстырғанда, жоғары 
өнімділігіменен, құрғақшылыққа шыдамдылығы, топыраққа бейтараптылығымен және 
тұзға төзімділігі, суару мен тыңайтқышқа бейімді және кезекті шабыстан кейін қайта 
өсе алатындығымен ерекшеленеді. Ғылыми мекемелердің, мемлекеттік сорт сынау 
учаскелерінің және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибелері көрсеткендей, 
қонақ жүгері - Қазақстан үшін перспективалы жемшөп дақылдарының бірі. Ол құрғақ 
жерлерде, әсіресе тұзды топырақты жерлерде жоғары өнімділік қалыптастыруға 
мүмкіндігі зор дақыл, сондықтан оны ылғал жеткіліксіз жерлерде өсіру тиімді. Бұл 
дақыл ең жоғары өнімділікке өзінің өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдайларда ғана қол 
жеткізеді. Өсімдіктер тіршілік факторларының біреуін олардың өсу кезеңдерінің бірінде 
жоққа шығару жасыл масса мен дәнді дақылдардың жетіспеуіне әкеледі [1,2].
Өнімділікті арттырудың сенімді тәсілі - бұл қожалықтарда бар материалдық-
техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға және соңғы ғылыми жетістіктер мен озық 
тәжірибелерді кеңінен қолдануға негізделген қарқынды өсіру технологиясын өндіріске 
енгізу [3].
Қонақ жүгері (құмай) - құрғақшылыққа төзімді дақыл, ол ылғалды үнемдейді және 
құрғақ даланың қатал топырақ-климаттық жағдайында жемшөп өндірісін қарқындатады 
және тәп- тәуір дән шығымдылығын қамтамасыз етеді, сондықтан оны Қазақстанның 
солтүстігінде мал азығына өсіру өзекті мәселелер қатарына жатады [4,5].
Далалық тәжірибеде қонақ жүгерінің алғы егісі арпа дақылы болды. Себу мамыр 
айының екінші онкүндігінің аяғында жүргізілді. Тәжірибелердегі мөлдектердің мөлшері 
- 120 м2 (4x25). Қайталануы – 3 рет.
Тәжірибелердегі есептеулер мен бақылаулар ВИК (Мәскеу, 1983) және 
ауылшаруашылық дақылдары сорттарын мемлекеттік әртүрлілік сынағы (Алматы, 2002) 
әдістері бойынша жүргізілді, онда тұқымның егістік өнімі, өсімдіктердің тығыздығы, 
өзгергіштігі, кірістілігі, жасыл массаның жинақталу динамикасы және жемшөп 
массасының және қоректік құндылығы ескеріліп анықталды[ 6,7].
Біз 5 сортты және қонақ жүгері будандарын таза егісте және ноқатпен қосылған
қоспада сынадық (1-кесте).
1-кестеде қанттық қонақ жүгері сорттарының жалпы көк балауса өнімділігі (негізгі + 
алшынкөгі) келтірілген. Қантты қонақ жүгері сорттары көк балаусаға шашақтану саты-
сында, ал алшынкөгі –қыркүйек айының басында жиналды.
Салыстырмалы сыналған қонақ жүгері сорттары арасында аса маңызды белгілердің 
ішінде тез пісіп-жетілу мен өнімділік бірінші кезектегі маңызға ие. Қантты қонақ жүгері 
тұрақты өсірілетін аймақтардағы экологиялық сынақтардың нәтижелерін талдай отырып, 
тәжірибелік алқаптарда жететін және өндірістік жағдайларда іс жүзінде қалыптасқан 
әлеуетті өнім арасындағы айырмашылық әлі де елеулі болып қала береді.


19
Жекелеген жағдайларда сорттың немесе буданның әлеуеті нақты деңгейден 2,0-2,5 
есе асып түседі. Бұл технологиялық операцияларға ғана емес, жыл бойынша ауа райы 
жағдайының ауытқуына да байланысты.
Кесте 1 – Құрғақ дала жағдайында таза егістердегі және ноқатпен қоспадағы қонақ 
жүгері сорттарының өнімділігі мен қоректілігі (2017-2019 гг.)

Сұрып, будан
Өнімділігі, ц /га
Жасыл масса
Абсолютті 
құрғақ зат
Қоректілігі
мал азықтық 
бірлік, ц / га
қорытылатын 
протеин кг / га
1
Ранний янтарь 161 
285
75,0
199,5
1627,3
2
Кинельское 3
352
92,6
246,4
2009,9
3
Ставропольское 36
312
82,1
218,4
1781,5
4
Степной 5 буданы
406
106,8
284,2
2318,3
5
Цунами 76 буданы
381
100,3
266,7
2175,5
6
Ранний янтарь 
161+ноқат
322
84,7
386,4
1838,6
7
Кинельское 3+ноқат
368
96,8
441,6
2101,3
8
Ставропольское 
36+ноқат
344
90,5
412,8
1964,2
9
Степной 5+ноқат
435
144,5
522,0
2483,8
10
Цунами 76+ноқат
410
107,9
492,0
2341,1
Осылайша, біздің деректеріміз бойынша, қанттық бағыттағы қонақ жүгері 
сорттарының өнімділігі дақылдың сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты 285 ц/га-дан 
406 ц/га-ға дейін өзгерді. Біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдар қосылған қанттық қонақ 
жүгерінің аралас егістері жасыл массаның түсімділігі таза егіс нұсқаларға қарағанда 10-
15% - ға жоғары қалыптастырды. Қанттық қонақ жүгері дақылының сыналатын сорттары 
мен будандарының арасында жасыл массаның ең жоғары өнімі Степной 5 ( 406,0 ц/га) 
буданымен нұсқада алынды, ол стандарттан 121 ц/га артық болды. Қонақ жүгерінің 
ноқатпен аралас егістерінде ең жоғары көк балауса өнімділігін Степной 5+ ноқат нұсқасы 
қамтамасыз етті, онда жалпы өнімділік 435 ц/га құрады.
Қонақ жүгері сорттарын таза егістегі біржылдық бұршақ дақылы ноқатпен аралас 
егістегі жалпы өнімділігі (негізгі + алшынкөк) – 285-435 ц/га құрады. Сыналған сорт-
тар арасында ең жоғары өнімділікті Кинельское 3 сорты қамтамасыз етті – 352ц/га, ал 
қонақ жүгері будандары арасында – Степной 5 буданы – 406ц/га көк балауса өнімділігін 
қалыптастырды. Біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдармен қонақ жүгері сорттарының 
аралас егістегі өнімділігі – 435 ц/га құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет