46
Адвокаттың көмекшісіне еңбекақы төлеу тәртібі мен шарты онымен
жасалған жеке еңбек шартында көрсетіледі.
Адвокат сонымен қатар тағлымадан өтуші ұстауы мүмкін.
Тағлымдамадан өтушілер тағлымдама туралы шарттардың негізінде
адвокатта тағлымдамадан өтеді.
Адвокаттың көмекшісінен тағлымадан өтушінің ерекшелігі тағлымадан
өтушіде міндетті түрде жоғары заң білімі және Қазақстан Республикасының
азаматы болуы керек.Өйткені,Тағлымдамадан өтуші
ретіндегі жұмыс кезеңі
заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
Тағлымдаманың тәртібін, мерзімімен шарттарын адвокаттар алқасы
белгілейді. Адвокаттың тағлымадан өтушілері болашақта адвокаттық
қызметпен айналысуға үміткерлер болғандықтан, оларға да адвокаттарға
қойылатын талаптар мен міндеттер қойылады. Яғни,
қасақана жасаған
қылмыстары үшін соттылығы болмауы, заң бойынша әрекет қабілеттілігі жоқ
немесе шектеулі деп танылмауы, және құқық қорғау органдарынан соңғы бір
жылдар ішінде тәртіптік жауапкершілігі үшін жұмыстан шығып кетпеуі есепке
алынып, содан кейін ғана тағлымадан өтуші деп қабылданады.
Тағлымадан өту туралы типтік шартты адвокаттар
алқасының Төралқасы
бекітеді.Онда тағлымадан өтушінің және оған басшылық жасайтын жетекшінің
құқықтары мен міндеттері , оларға төленетін еңбекақы мөлшері және
тағлымадан өті мерзімі,орны уақыты көрсетіледі.
Тағлымадан өтуге жалпы басшылықты Адвокаттар алқасының төралқасы
жасайды. ал тікелей басшылықты тағлымадан өтуші бекітілген жетекші
жасайды. «…Біздің көзқарасымызша тағлымадан өтуге жетекшілік ету жайлы
Ереже бойынша жетекші адвокаттың еңбек стажы кем дегенде
бес жыл болу
мәселесі жайлы ойлану керек сияқты»
33
Тағлымадан өтуші жетекшісінің
рұқсатымен
-
құқықтық мәселелер бойынша заң кеңестерін беру үшін азаматтарды
қабылдауды жүргізеді.
-
заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетеді
-
жетекшісінің тапсырмасымен іс материалдарын зерттейді,жарыссөзде
сөйлейтін тезистердің жобасын жасайды және сот отырыстарына қатысады.
-
азаматтарға шарттық қатынастар негізінде азаматтық құқықтық
көмектер көрсетеді
-
атқару өндірісінде туындаған мәселелр
барысында азаматтарға заң
кеңестерін береді.
-
және басқа да заң көмектерін көрсету барысында жетекшісінің
басшылығымен жүзеге асырады.
Тағлымадан өту кезеңінде тағлымадан өтуші жетекшісіне және адвокаттар
алқасына есеп беріп отырады. Өйткені тағлымадан өту мерзімі біткеннен кейін
оған мінездеме беріп, адвокаттық лицензия беругң ұсыныс беретін осы
адвокаттар алқасы болады. Тағлымадан өту мерзімі тиісті мерзімінен бұрын
жетекшіінің ұсынысымен ерте бітуі мүмкін.
33
Г.Ж.Сулейменова.Л.В.Воронина. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан 2002
47
Тағлымадан өту аяқталысымен тағлымадан өтушінің басшысы сынақтан
өтушінің
жалпы дайындық деңгейі,оның тағлымадан өту барысында алған
кәсіби білімдері мен іс жүзінде дағдылары көрсетілген қорытынды
жасайды.Қорытындыға тағлымадан өтушінің жетекшісі қол қояды.
Тағлымадан өту туралы қорытындыны тағлымадан өтуші біліктілік
емтиханын тапсыруға рұқсат беру үшін талап етілетін құжаттар тізбесінде
Біліктілік әділет алқасына береді.
Жоғары заңгерлік білімі бар, адвокаттық қызмет құқығына лицензия алуды
қалайтын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кемінде он жыл еңбек
стажы болса, сондай-ақ заң ғылымының
кандидаттарына құқық қорғау
органдарында жұмыс істеу уақыты тағлымадан өту мерзіміне есептеліп,
лицензия жедел түрде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: