Мейірбекова г‡лжазира болатќызы



Pdf көрінісі
бет20/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

Бақылау сұрақтары. 
1.
Адвокаттар алқасының мүшелеріне қандай талаптар қойылады? 
2.
Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік сынағынан өту тәртібі 
қандай? 
3.
Адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензия алу тәртібі 
калай болады? 
4.
Адвокаттар алқасының мүшесі ретінде адвокаттың құқықтары қандай? 
5.
Адвокатқа қандай міндеттер жүктелген? 
6.
Адвокаттар алқасынан шығару үшін тәртіптік жауапкершілік негіздері 
қандай болу керек? 
7.
Адвокаттың көмекшісінің құқықтық мәртебесінен тақлымадан өтушінің 
құқықтық мәртебесінің айырмашылықтары қандай? 
34
ҚР Адвокаттық қызмет туралы Заңы 31-бап. 


49 
ТАҚЫРЫП №6 . АДВОКАТТАР ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ 
§ 1. Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу мәселелері. 
Адвокаттар еңбекақысы келісімді болғандықтан ол азаматтар мен 
ұйымдарға берген заң көмектеріне келіп түскен еңбекақы болып саналады да 
пайда болып есептелмейді. Сондықтан олардан пайда үшін алынатын салық 
алынбайды да, Салық кодексінде көрсетілген арнайы салық салу тәртіптерімен 
жүзеге асырылады.
Өйткені адвокаттар алқасы адвокаттардың коммерциялық емес,кәсіби, 
өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады. 
Яғни адвокаттарға ешқандай мемлекеттік бюджеттік органдардан айлық 
жалақы төленбейді. Олар клиенттері арасында жасалатын келісім арқылы 
өздері береті заң кеңесіне қарай еңбекақы мөлшерін өздері белгілейді. 
Сондықтан олар пайда табуды көздемейді, Адвокаттардың еңбекақысы келісім 
арқылы гонарар яғни сыйақы деп танылады.Өйткені оның айлық жалақы 
сияқты белгілі бір көлемі болмайды, Ол әрбір қараған ісінің күрделілігіне , 
арнайы кәсіби біліктілікті қажет етуге, жаңалығына байланысты болады. 
Оның үстіне мерзімімен жағдайларға қарай да гонарардың көлемі өсуі 
мүмкін. Сондай-ақ егер адвокат өзіндегі бірнеше іске қатысу салдарынан ол 
істі алу мүмкіндігі болмауы мүмкін. Ал егер адвокат сол бір іс үшін басқа 
жұмыстардан бас тартуы да гонарардың көлемінің ұлғаюына әкеп соғады. 
Адвокатың тәжірибесі, репутациясысы заң көмегін көрсету қабілеттілігі 
жоғары адвокаттарға тәртіп бойынша гонарар жоғары төленеді. 
Және осылармен қатар көмек сұрап келген азаматтың материалдық 
жағдайына байланысты гонарар жоғары төленуі мүмкін. 
Адвокат пен клиент арасында жасалатын заң көмегін көрсету туралы 
келісімде мына мәліметтер көрсетіледі. Келісімнің жасалған уақыты, орны, 
адвокат жайлы толық мәлімет, оның қай адвокаттар алқасына,заң 
консультациясына,адвокаттар кеңсесіне тиісті екені,және сонымен қатар көмек 
сұрап келіп отырған адам жайлы да толық мәлімет, тапсырма түрі,қай жерде 
орындалатыны, келісім мерзімі, гонарар көлемі,берілген ордер туралы мәлімет 
,соңында тараптардың қолы болады. Келісімде сондай-ақ бұрын жасалған 
жұмыс 
қорытындысы, 
қазіргі 
тапсырма 
түрінің 
орындалуы 
келтіріледі.Келісімнің заңдылығын заң консультациясының меңгерушісі мен 
адвокаттар кеңсесінің құрылтайшысы тексереді. Адвокат еңбегіне ақы төленбей 
қызметіне кірісе алмайды.Көлік,жол,іссапар шығындарын көмек сұрап келіп 
отырған адам көтереді. 
Қылмыстық істер бойынша адвокаттың еңбегіне ақы төлеу заңдарға сәйкес 
жүргізіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган оған негіз болған кезде 
сезіктіні, айыпталушыны заңгерлік көмекке ақы төлеуден толық немесе ішінара 
босатуға құқылы. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекеттің есебінен 
жүргізіледі. 


50 
«Адвокаттық қызмет көрсету туралы» заңның 5 бабында ақылы қызметтің 
қалай белгіленетіндігі көрсетілген. Ол негізінен адвокатпен көмек сұрап келген 
кісінің арасындағы келісімге сай болмақ екенін айттық. 
Адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу мөлшері, қорғаумен және 
өкілдік етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен 
адвокат жасасатын келісімде белгіленеді. 
Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы 
төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын-
ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйымдары бойынша 
республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі. 
Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша адвокат көрсеткен заң көмегі 
үшін ақы төлеу мөлшері оның сонғы екі айдағы орташа жалақысынан төмен 
болмауға тиіс. 
Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу мен қорғауға және өкілдік етуге 
байланысты шығындарды өтеу тәртібін, осы заңды негізге ала отырып ҚР 
Үкіметі белгілейді. 
Адвокаттар сенім білдірушілердің өтініштері бойынша: алимент өндіріп 
алу туралы, асыраушының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне 
немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу 
туралы істерді жүргізу кезінде бірінші сатыдағы соттарда талап қоюшыларға. 
Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға, мерзімді 
қызметтегі әскери қызметшілерге, І және ІІ топтағы мүгедектерге, егер бұл 
кәсіпкерлік қызмет мәселелеріне байланысты болмаса, консультациялар беру 
кезінде; 
Зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтініштерді 
дайындау кезінде азаматтарға. 
Ақтау мәселелері жөнінде кеңестер беру кезінде азаматтарға заң көмегін 
тегін көрсетеді. 
Адвокаттардың тегін заң көмегін көрсету тәртібі адвокаттар алқасының 
жарғысында белгіленеді. 
Адвокаттың көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу тиісінше адвокаттар 
алқасының, адвокат кеңсесінің қаражаты есебінен жүргізіледі. 
Адвокаттардың қылмыстық іс бойынша көрсеткен еңбегіне ақы төлеу 
азаматтық iстерден өзгешелеу келедi.олар адвокаттар алқасының жарғысында 
белгіленеді. 
Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескеріле отырып, адвокаттар 
алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушісі, адвокат кеңсесінің 
иесі (иелері) және өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке-дара жүзеге 
асыратын адвокат заң көмегіне ақы төлеуден босата алады. 
Осы аталған жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу 
тиісінше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесінің қаражаты есебінен 
жүргізіледі. 
Азаматтық істер бойынша адвокаттың (өкілдің) көмегіне ақы төлеу, егер 
адвокат заң көмегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды 


51 
адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісім-
шарт пайдасына жұмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді. 
Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің 
көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс 
жүзінде өзі шеккен шығындар. 
Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот 
азаматтың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегіне ақы төлеу 
жөніндегі шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет