Мейірбекова г‡лжазира болатќызы



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

Бақылау сұрақтары. 
1.
Адвокаттардың еңбекақысы қандай қаражаттардан тұрады? 
2.
Адвокаттың еңбекақысы қалай белгіленеді? және ол қалай аталады? 
3.
Адвокат кімдерге ,қандай жағдайларда заң көмегін тегін көрсетеді? 
4.
Мемлекеттік бюджеттен қорғауға кеткен шығындар адвокатқа қалай 
төленеді? 
5.
Адвокаттарға төленетін гонарар мәселесін қалай көтеруге болады? 


52 
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 
ТАҚЫРЫП № 10. АДВОКАТТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ ҚАТЫСУЫ 
§1. Қылмыстық іс бойынша қорғаушы тұлғалар 
§2. Адвокаттың қылмыстық іске қатысуының құқықтық негізі 
§ 3. Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс 
әрекетi 
§ 4. Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында 
§5.Алдын ала тергеу кезіндегі адвокат-қорғаушының қызметі 
§ 6. Бұлтартпау шараларын қолдануда адвокаттың қызметі 
§ 7. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды 
қолдануы 
§ 8. Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және 
қорытындылау негiздерi 
§ 9. Алдын ала тыңдау сатысындағы адвокаттың ролi 
§ 10. Адвокаттың сот процесiне дайындалуы 
§ 11. Адвокаттардың сот тергеуiне қатысуы 
§ 12 . Қорғаушыдан бас тарту негіздері 
§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы 
§1. Қылмыстық іс бойынша қорғаушы тұлғалар. 
Қылмыстық iс бойынша қорғаушы - әрекет қабiлетi бар, кәмелет жасқа 
толған, қорғаушы мiндетiн атқара алатын және қорғаушы болуға келiсiм берген 
тұлға. 
Қорғаушылардың 
категорияларына 
қарамастан, 
барлықтарының 
құқықтары бiрдей. 
Айырмашылығы iске қорғаушының мiндеттi қатысуы – бұл тек қана 
адвокаттың мiндетi. Басқа қорғаушылар айыпталушының, басқа тұлғалардың 
шақыртуымен iске қатысады, бiрақ iске шақыртқанда мiндеттi түрде 
айыпталушының қорғаушыны шақырту тапсырмасы мен келiсiмi қажет.
35
Барлық қорғаушылардың iшiнде тек қана адвокат өзiне қабылданған 
сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ. Басқа 
қорғаушылар бас тарта алады және бас тарту себептерiн, негiздерiне түсiнiк 
бермеуге құқылы. 
Қылмыстық iс бойынша адвокаттың қорғаушы болып қатысуы – кәсiби 
заңды қызметi және бұл мiндетiн орындаудан бас тартуына құқығы жоқ. 
Адвокаттың iске тағайындалып немесе келiсiммен қатысуына қарамастан 
оның нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын құжат заң 
консультациясының ордерi.
36
35
Стецовский Ю.И. Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту.-
М.1988. 
36
«Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 13-бабы. 


53 
Қазақстан Республикасының 74 бабы 1 бөлiгi негiзiнде адвокат сезiктiнiң, 
айыпталушының айыбын жоққа шығара алатын немесе жауаптылығын 
жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдармен 
қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге 
мiндеттi. 
Азаматтық сот iсiн жүргiзуден айырмашылығы қылмыстық iс жүргiзуде 
мына төменде көрсетiлген негiздерде адвокат сезiктiнiң, айыпталушының, 
айыпкердiң, сотталушының өкiлi емес: 
- қолданылып жүрген ҚIЖК-сi қорғаушыны сезiктiнiң, айыпталушының, 
сотталушының өкiлi деп қарастырмайды; 
- қорғау көп жағдайда тағайындау арқылы жүзеге асады; 
- адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны 
қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ; 
- ҚIЖК 71 бабында көрсетiлген жағдайларда сот, прокурор, тергеушi 
сотталушыға қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi; 
- адвокаттар сотталушының мүдделерiн қорғауды екi жағдайда жүзеге 
асыруға тура келедi: 
1. Сотталушы Қазақстан Республикасының тыс жерлерiнде болса және 
сотқа келуден жалтарған жағдайда; 
2. Қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы және жүйке 
ауруына душар болған жағдайда. 
Осындай себептерден адвокат айыпталушыға тағылған айыптан 
айыпталушыны қорғайды, бiрақ өкiлi бола алмайды. 
Заңда бiр сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны бiрнеше адвокаттың 
қорғауына тыйым салынбаған. Сонымен қатар бiр қорғаушы екi сезiктiнiң, 
айыпталушының, сотталушының қорғаушысы бола алмайды, себебi бiр сезiктi 
мен екiншi сезiктiнiң мүдделерi қайшы келуi мүмкiн.
37
- бiр адам, егер сезiктiнiң айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң 
мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы болуға 
тыйым салынады. 
- кәмелет жасқа толмаған айыпталушы мен қылмыстық iске тартқан 
кәмелет жасқа жеткен қылмысқа қатысушыны қорғауға тыйым салынған. 
Сезiктiнiң, айыпталушының сотталушының қорғаушыға жүгiну құқығын 
бұзу, ҚIЖ Заңының елеулi белгiленген тәртiппен жеке өзi немесе қорғаушының 
көмегiмен жүзеге асыра алады. 
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың 
құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған 
барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ 
олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi, 
сонымен қатар сезiктi, айыпталушының қорғаушысының iске қатысуын 
қамтамасыз етедi.
Қорғаушының қатысуы сезiктi мен айыпталушының құқықтарын 
шектемейдi. 
37
ҚIЖК 7 бабының 4 бөлiгi. 


54 
Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып төмендегi жағдайларда 
мiндеттi түрде қатысады: 
- қорғаушының қатысуы туралы сезiктi немесе айыпталушы өтiнiш жасаса; 
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса; 
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң 
қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе; 
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас 
бостандығынан айырылу, не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын 
қылмысты жасағаны үшiн айыпталса; 
- айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса 
немесе мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға жiберiлсе. 
ҚIЖК-нiң 71 бабында көзделген өзге де жағдайларда адвокат қылмыстық 
iске мiндеттi түрде қорғаушы болып табылады. 
Қорғаушыны, яғни адвокатты сезiктi немесе айыпталушы, олардың заңды 
өкiлдерi, сондай-ақ сезiктiнiң, айыпталушының келiсiмiмен, тапсырмасы 
бойынша басқа да адамдар шақырады. Сезiктi немесе айыпталушы, сотталушы 
қорғану үшiн бiрнеше адвокаттарды шақыруға құқылы. 
Сезiктiнi, айыпталушының, сотталушының сұрауы бойынша адвокаттың 
қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi. 
Айыпталушы мен сезiктiнiң таңдап алған немесе тағайындалған адвокат 
бес күн мерзiм iшiнде келмесе iс жүргiзiп отырған орган сезiктi мен 
айыпталушыға, сотталушыға басқа адвокатты шақыруды ұсынуға немесе 
адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы 
қорғаушы тағайындауға шаралар қолданады. 
Қазақстанның қылмыстық iс жүргiзу заңдылығы әрқашанда сезiктiнiң 
айыпталушының қорғануға құқығын дамытып жетiлдiрiп келедi. Мысалы, 1864 
жылғы Қылмыстық iс жүргiзу заңы бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге 
қатыспаған болса, 1959 жылғы Қаз ССР ҚIЖК-сi бойынша қорғаушы бiрiншi 
рет алдын ала тергеуге қатысты.
38
Ал, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚIЖК-не сәйкес қорғаушы 
қылмыстық iс жүргiзудiң кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан 
Республикасының Конституциясының 16-бабының 3 бөлiгiне сәйкес ұсталған, 
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам, сол ұсталған, 
тұтқындалған кезден бастап қорғаушының көмегiн алуға құқылы. 
Қорыта айтқанда сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығы мынадай 
бөлiктерден тұрады: 
- заңда тыйым салынбаған әдiстер мен құралдарды қолдана отырып 
айыпталушы, сезiктi, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн 
қорғау үшiн кез келген дәлелдемелердi ұсынуға құқылы; 
- сезiктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн 
қорғау үшiн адвокаттық көмек алуға құқылы. 
38
Шаламов М.П. История Советской адвокатуры. М.1939 


55 
- анықтау органдары, тергеушi, прокурор мен сот сезiктiге, айыпталушыға 
құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған 
барлық құралдарымен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сонымен бiрге 
олардың жеке мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет