82
жiберiлген басқа адамның тиiстi құжатының көшiрмесiн қылмыстық iс
материалдарына тiркеу арқылы дәлелденедi.
Қорғаушыдан бас тарту мынадай жағдайларда: а) сезiктi немесе
айыпталушы кәмелетке толмаса; б) сезiктi немесе айыпталушы өзiнiң дене
немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге
асыра алмаса; в) сезiктi немесе айыпталушы сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе; г)
айыпталушы стационарлық сот-психиятриялық сараптамаға мәжбүрлеп
жiберiлген болса қабылданбайды.
Қорғаушыдан бас тарту сондай-ақ iстiң белгiлi бiр мән-жайларына
(айыптаудың ауқымдылығы, жауаптылыққа тартылатын адамдар санының
көптiгi, iстегi материалдарды зерттеудiң сезiктi, айыпталушы, сотталушы үшiн
күрделiлiгi және т.с.с.) байланысты қабылдануы мүмкiн.
ҚIЖК-нiң 97-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша,
қорғаушыны iс бойынша өндiрiске қатысудан шеттету қылмыстық процестi
жүргiзушi органдарды сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны басқа
қорғаушымен қамтамасыз ету мiндетiнен босатпайды.
Қылмыстық iс жүргiзушi орган қорғаушыны iске қатысудан шеттеткен
кезде осы туралы қаулы шығарады, оған сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында
ҚIЖК-нiң 109-бабының тәртiбiмен, ал басты сот талқылауында ҚIЖК-нiң 403-
бабының ережелерi бойынша шағымдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: